Жолдағы кедергі
Жолдағы кедергі
28.11.2015 14:15
2227
0


Баяғы заманда бір патша сарайға кіретін жолдың үстіне үлкен тас қойдырып, өзі терезеден “Көрейік не болады екен?” деп бақылап отырыпты.

Елінің ең бай саудагерлері, ең күшті керуеншілері, сарай қызметшілері жолда келе жатып тасты айналып өтіп ешнәрсе істемей кіріп кетеді. Кейбіреулері тасты көріп дауыстап тұрып патшаны сөге бастайды: “Халықтан қаншама салық жинайды бірақ жолдарын таза ұстай алмайды...” 

Осы кезде бір ауыл шаруасы сарайға жеміс, көкөніс алып келе жатып жол ортасындағы тасты көргенде, арқасынан жүгін жерге қойып екі қолымен тасты итере бастайды. Қатты қиналып, қара терге батады, ақыры соңында тасты жолдың шетіне ығыстырып қояды. Жүгін қайтадан асынып жатқанда тастың жатқан жерінен бір қалта көреді.

Алып ішін ашады... Қалташық алтынға толы болады. Ішінен патшаның жазған хатын көреді: “Бұл алтын, тасты жолдан алған адамға берген сыйлығым. Патша.”

0 пікір