Жоғалған әмиян
Жоғалған әмиян
10.06.2015 13:01
10107
0

           Бірде Мәдинада тұратын бір кісінің қарындасы науқастанып қалады. Ағасы жиі барып қал жағдайын біліп жүреді. Бір күні дәм-тұзы таусылған әйел қайтыс болады. Бауырынан айырылған кісі қайғырып, қарындасын өзі арулап көміп, үйіне қайтады.

       Үйіне келген уақытта қалтасындағы әмиянының жоқ екенін байқайды. Ойланып-толғанып оны зиратты қазғанда сонда ұмытып кеткені есіне түседі. Асығып бір досын ертіп қабірге барады. Оны қазып, әмиянын тауып алады. Қарындасының қандай күйде екенін көргісі келген ол қабірдің ішкі жағын ашпақ болғанда лахаттың жанып жатқанын көріп шошып кетеді.

       Бұл тегін емес деп дереу анасына барып: «Қарындасым қандай еді? Жақсы-жаман қылықтарын айтыңызшы»,-дегенде анасы: «Бауырың тірі кезінде есіктің артында тығылып тұрып көршілердің айтқан әңгімелерін тыңдауға құмар еді. Сосын естіген өсек-аяңның бәрін жіпке тізгендей етіп жұртқа жаятын теріс қылығы бар болатын» - деп күрсініпті.

       Сонда әлгі кісі сөз тасу, өсек-аяңның қабір азабына себепші болатынын түсініпті.

 Ұқсас материалдар
Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы

0 пікір