ЖЕТІ АТАҒА ЖЕТПЕЙ ҚОСЫЛҒАНДАРҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖАЗАЛАР
ЖЕТІ АТАҒА ЖЕТПЕЙ ҚОСЫЛҒАНДАРҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖАЗАЛАР
12.12.2018 11:53
2765
0

Жаза әр түрлі болған. Теріс бата, тас ату, үстінен мал айдау, елден аластау, асаудың құйрығына тағу. Жеті атаға толмай қосылған жастардың мәселесін ру басшылары мен ақсақалдарының жиналысы шешіп отырған. Алдымен 3 тен 5 ретке дейін ескерту жасаған. Егер екі жас ақсақалдардың, әке-шешенің шешіміне қарамай үйленсе, қашып кетсе ең алдымен "теріс бата" берген. Сонымен бірге қайда қашып кетсе де тауып алып, жазалап, тіпті, өлтіріп отырған.

Себебі, бұл – бүкіл рудың ар-намысына дақ түсіріп, қара бет қылатын, ата-бабаның салт-дәстүріне қиянат келтіретін ауыр қылмыстардың бірі ретінде тарихқа қалды.

Теріс бата – әке-шешесі, не қатты назары түскен ақсақал не ана алақанын теріс қаратып жайып, лағнет айтып, қарғыс дұғасын оқыған.

Мұндайдан елді шектеп, халыққа үлгі ету үшін "тас ату" арқылы да қия басқандарды жазалап отырған. Онда әр үйден бір адамнан шығып, бір кесек тасты елді қара бет еткен қылмыскерге атқан. Бұл діни жазалау түріне ұқсап кетеді.

Кейде төрт жаққа керіп, жерге жатқызып байлап қойып, үстінен қоралы қойды арлы-берлі өткізу арқылы малдың тұяғына таптатып өлтірген.

Елден аластау – кейде осындай ауыр қылмыс жасаған екі жасты байлап, елден алыс жерге апарып, тентіретіп қоя берген. Өлтірмеген.

Бұдан тыс асау жылқының құйрығына тағып, сүйретіп жіберген жағдайлар да болыпты.

 

0 пікір