Жас қазақтың мақсаты – «Googlе»-ға басшы болу
Жас қазақтың мақсаты – «Googlе»-ға басшы болу
11.07.2015 12:37
2502
0

           Кешегі жаңалықтарымызда 25 жастағы қазақстандық жас ғалым Асхат Мырзабаевтың 2 млн доллар табысын қатерлі ісікті зерттеу жұмыстарына жұмсағанын айтқан болатынбыз. Енді назарларыңызға осыдан бір жыл бұрын «Esquire Kazakhstan» басылымына берген қызықты сұхбатын ұсынбақпыз.

      Оның айтуынша, әлемдік танымал компания оны тәжірибен өтуге 2011 жылы шақырған.   Бұған жас жігіттің Twitter сервистерін бағдарламалау тіліне аудару жолын табуы себеп болған. «Мен 21 жаста едім. Ол кезде университеттің III курсында оқитынмын. Өмірімде үйден ұзап шыққаным осы болды. Сан-Францискоға кеттім», -деп еске алады Асхат.  

       Алғашқы кездері ағылшын тілін білмеген оған күніне 14-15 сағаттан жұмыс істеуге тура келген. Twitter-де бас-аяғы 400-дей қызметкер бар. Қазақ жігіті 50-60 адам қызмет ететін машиналық оқыту, іздеу және релеванттық бөлімге жұмысқа тұрады.   «Мен іздеу жүйесін жақсарту мақсатында жұмыс істедім. Бұл жүйе қызықты адамдарды іздестіруге мүмкіндік береді. Қарапайым пайдаланушыларға жай нәрсе болып көрінер. Бірақ, бұл үлкен еңбекті қажет ететін жұмыс. Себебі, әңгіме қызығушылықтары секунд сайын өзгере беретін миллиондар туралы. Сондықтан, бұл жерде ұқсас тақырыптағы адамдарды тез тауып беруге мүмкіндік жасалу керек», дейді Асхат.   Twitter-де көбінесе техникалық мамандықтары бар талантты жастар қызмет етеді. «Менің жанымда ашық түсті киінетін жігіттер жұмыс істеді. Олардың қасында мен қатардағы кеңестік адамды еске түсіретін жай ғана бағдарламашы болып көріндім. Олар маған: «Сенің сырт кейпің қытайға ұқсайды, ал өзің орысша сөйлейсің. Бұл – өте сәтсіз сәйкестік», дейтін», деп еске алады ол.   «Мен үнемі Стэнфордқа оқуға түсуді армандайтын едім. Сосын бір күні университетке келдім де, бір профессорға жолығып: «Мен сіздің дәрістеріңізге қонақ ретінде келсем бола ма?», деп сұрадым. Ол: «Стэнфорд – бұл  әлемді өзгертуді мақсат тұтқан адамдар ой-пікірлерімен бөлісетін орын. Егер сіздің айтарыңыз болса, онда сіз мұнда келуге міндеттісіз», деді. Бұл сөздер маған қатты әсер етті. Осылайша, мен жалғыз Стэнфордтың ғана емес, сондай-ақ,  UC Berkeley-дің де бірнеше профессорымен таныстым. Сонымен қатар, Филдстың сыйлығын иеленген Ефим Зельмановпен де осы жерде таныстым. Математикалық формулалармен жұмыс істей отырып, біз кәдімгі телефонға арналған  бір фото арқылы кез келген заттың 3D моделін шығаратын алгоритм жасадық. Бұл жоба – менің дипломдық жұмысымның тақырыбы болды. Жобаның жартысы  Стэнфордта жасалған еді. Менің сол жердегі профессорым бұл жобаға Microsoft компаниясы қызығушылық танытқанын  айтты. Нәтижесінде мен дипломдық жұмысымды саттым. Қазір бұл жоба енгізіліп те қойды. Миллиондаған адамның сенің жұмысыңды пайдаланып отырғаны, әрине қуантады»,-дейді ол.   «Менің көлігім де, жеке үйім де жоқ. Үй сатып алмауымның себебі – 30 жасқа дейін мобильді болғым келеді», дейді жас жігіт.    «Дәл қазір мен ресми түрде жұмыссызбын. Бірақ, жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатындағы жобаны қолға алдым. Мен қажет уақытта жүргізушінің орнына көліктің өзі шешім қабылдауын жүзеге асыратын жоба жасағым келеді.  Google Driverless Car жобасы өте ауқымды жұмыс. Бірақ, мен бұл жұмысқа 10 жылымды беруге әзірмін. Қазіргі таңда көліктер жол ережесін жиі бұзады, адамдар зардап шегеді. Ал осы мәселені неге заманауи технологиялардың көмегімен шешпеске? Мен үнемі өзіме: «Мен адамзатқа және өзіме қандай пайда әкеле аламын?» деген сұрақты қойып отырамын. Әрине, дүниені танып болдым деп айта алмаймын. Бірақ, бұл мәселелені шешуге менің тәжірибем мен білімім жеткілікті», дейді.  

       Сұхбат соңында: «Менің басты мақсатым – Google компаниясының атқарушы директоры болу»,-деді.

Әртүрлі

Қадір түні мың айдан қайырлы
Күн көзінен қорғанудың жолдары
Дінді дамытудағы ақын-жыраулардың ролі
Сатылмайтын сағат...
Ажал құштырған бейқамдық
Адам ұйқысыз өмір сүре ала ма?
БАЛАНЫҢ ІШТЕН АЙТҚАН РЕНІШІ
Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Жетімнің монологы
Ішің өтірік айтады
Нәпсi аждаһа
Жоғалған әмиян
Таңертең ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?
Құрандағы насих мәселесі
Қиямет қашан болады?
Бәраат түні
Жаман ойлардан қалай арыламыз?
Жәннатқа жетелеген дұға
Бейбарыс сұлтанның ерекше шешімдері
Білім тарату - әркімнің міндеті
Үлкен өмір...
Қиыншылықтар бізге қайдан келеді?
Жұмаққа кіре алмайтындар
ТОПЫРАҚ БОЛ, ГҮЛ ӨССІН
Миғраж түні
Cуицид (өз-өзіне қол жұмсау)
Құран қиссалары жайында
Мисуактың маңызы
Бас мүфти: «Отан – қасиетті ұғым, қастерлі сөз»
«Мүгедек» қыз
Алла қандай құлдарын сүйеді?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиған неке
Алла разылығы үшін жақсы көру
Дұға жасаушыға кеңес

0 пікір