Кейде намаз оқу үстінде жағымсыз ойлардың бізге кедергі келтіруі мүмкін. Сондай сәттерде не істеуге болады?
Бұл сұраққа дін өкілдері былай жауап береді: «Намаз оқып жатқан кезде жаман ойлар келсе, «Ағузу биллаhи минаш-шайтанир-ражим»-ді айтып, сол иығыңыздан үш рет түкіріп, намазыңызды жалғастырыңыз».
Бір күні Абу Ас: «Уа, Алла елшісі! Шайтан маған намаз бен Құран оқыған сәтімде кедергі келтіреді, мені ылғи шатастырады» дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол Хинзаб атты шайтан. Оның жаныңда екенін сезінсең, Алладан одан өзіңді қорғауын сұра да, сол иығыңа үш рет түкір» депті.
Ал енді дәрігерлер бұл жайлы не дейді екен? Құлақ түрейік:
Жүйкеміздің күңгірт тұсы жаман ойлар мен елестерді тудырады. Оған келесі факторлар себеп:
- дұрыс тамақтанбау (ащы шай мен кофені, тәттіні көп пайдалану);
- бауырдың ауыруы;
- денеміздегі шлактар мен паразиттер;
- бала кезде алған «жүйке зақымы»;
- бас сүйек ішіндегі қан қысымы;
- ішкі күйзеліс, өз-өзіне көңілтолмаушылық, сенімсіздік, мақсаттардың орындалмауы.
Психологтар жаман ойлардан арылу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға кеңес береді. Ал үнемі жағымсыз ойларда жүру - жүйке жүйесінің ауытқуына әкеп соғып, түрлі психикалық ауруларға жол ашатынын айтады.
Ең бастысы – жиі дұға етіп, намаздағы ықыласыңызды арттырғаныңыз жөн.
Ұқсас материалдар