Исламдағы тамақтану әдебі
Исламдағы тамақтану әдебі
08.02.2016 13:46
13541
0

Ас – адамның арқауы, "Ауру – астан" деген дана халқымыз.Шынында - солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол - тәннің азығы. Сол себепті күнделікті тамақтануымызды бойымызға қуат сыйлайтын Алланың нығметі деп білуіміз керек. 
Көп жағдайда дұрыс тамақтануымызға аса мән бермей, асқазанға көрінгенді тығып, соңында түрлі ауруларға жол беріп алатынымыз бар, сондықтан өзіміздің денсаулығымыз бен көңіл-күйімізде қалай тамақтанғамызғада байланысты екені ақиқат. Шыны керек, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін бүгінгі медицина саласы ғылыми тұрғыдан дәлелдеуде. 

Соның бірі  қомағайлық, ашкөздіктен сақтану біздің парызымыз десе де болады. Сондықтан әр біріміз дұрыс тамақтану әдебін сақтауымыз  керек . Тоя жеу денсаулыққа зиян екені өз алдына, ондай адамдарды Пайғамбарымыз () мүлдем ұнатпаған. Бірде мұсылманға жараспайтын кейіпте ашкөздікпен тамақты өле-өлгенше жеген адамның кекіре бастағанын байқаған Пайғамбарымыз (): «Кекіруді тоқтат. Өйткені, дүниеде тоя жеген адамдар қиямет күні ұзақ уақыт аш қалатындар»,- деп қатаң ескерткен. Осындайда дана халқымыз: «Жаман өле жейді, жақсы бөле жейді» деп тойынғандарға қарата айтса керек. Және де ақыл мен иман иелері үшін ескертілетін астың адалдығына мән беруі қажет. Пайғамбарымыз (): «Арамнан желініп-ішілген нәрсе қырық күн бойы бойында сақталады»,- дейді. Тағы бір хадисінде: «Адал жеу - сауап, арам жеу - күнә»,- деген. Олай болса, адам ол адам, не болса соны ішіп-жемейтін. Адам - асының адалдығымен адам болып қалуы керек. Ал Қасиетті Құран да Алла Тағала «Сендерге берген ризық-несібелеріміздің адалынан жеңдер» («Бақара» сүресі, 172-аят),- деп әмір етпес еді. Ал, Алланың әмірін құл ретінде қабылдау, ол еш ойланбастан бойұсынып, адал ас ішіп-жеуді басты мұрат етуі керектігі. 
Адам өміріне үлкен әсер етуінің бірі адал ас ішуі. Бір ғана мысал, Дұғаның қабыл болуына жол ашылуы адал ас иесінің Алладан сұраған дұға-тілегін қабыл етуі. Сонымен қатар тамақтанғанда ысырапқа жол бермеген жөн. Өйткені, ысырапты Алла ұнатпайды және ол шайтанның сүйген амалдарынан болып табылады. Бұл туралы Құранда: «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер» («Ағраф» сүресі, 31-аят),- деп әмір етті.  Дініміз әмір еткен әрбір амал-әрекеттің белгілі мақсат-мүддесі бар. Егер нәпсі үшін тойып тамақтансаңыз, сізге - ол зиян, әлде бойыма қуат болсын деп Пайғамбар () өсиет еткен мөлшермен тамақтанар болсаңыз, өзіңізді еркін, әрі жеңіл сезінесіз. Сондықтан, тамақтанудың ең басты мақсаты - нәпсіні тойдыру емес, Аллаға деген құлшылығымызды еркін жасау үшін болғаны жөн.

Олар:

-         тамақты «бисмиллә» деп бастау

-         тамақтанғнда ашкөздіктен сақтану

-         тамақты үлкеннен кейін бастау

-         тамақты оң қолмен  жеу
-         өз алдынан жеу

-         дұғамен аяқтау

-         тамақты үрлеп ішпеу

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде:« Тамақты бастарда «бисмиллә» деп бастау»- деген ал әдет-ғұрпымызда«Ас жүрген жер – береке» бар деген . 

Әрбір жақсы істі бастамас алдында айтатын «бисмиллә» сөзін тамақ бастамастан бұрын айту - бізге дініміздің жақсылық әкелгені деп білуіміз керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде : «Адам үйіне кірерде және тамақ ішерде «бисмиллә» деп айтса, шайтан : «Бұл жерде қонақтай да, тамақтана да алмаймыз»,- дейді. Егер ол адам үйіне кірерде «бисмиллә» деп айтпаса, шайтан : «Түнді өткізетін жерді таптыңыздар»,дейді. Егер ол адам тамақ жеуден алдын «бисмиллә» айтпаса, шайтан тағы да : «Паналайтын, әрі тамақтанатын жер таптыңыздар»,- дейді».  Егерде тамақты бастап кеткен кісі «бисмиллә» сөзін айтуды ұмытып кеткен  болса, ондай жағдайда Пайғамбарымыз (): «Сіздерден біреуіңіз тамақ жегенде «бисмиллә» деп айтсын. Егер тамақ бастап жатқанда «бисмиллә» деп айтуды ұмытып кеткен болса, онда есіне түскен сәтте дереу «Бисмилләһи әууәлиһи уә ахириһи» ( «Басында және аяғында Алла атымен бастаймын») деп айтсын»- деген. 

Умаййа бин Махшид Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір кісі соңғы тамағы таусылғанша «бисмиллә» деп айтпай  тамақ жеп отырғанын,. Ең соңғы тамағын аузына алып бара бере «бисмилләһи әууәлиһи уә ахириһи» дегенде. Пайғамбарымыз () мұны көріп күліп: «Шайтан бұл кісінің тамағына ортақтасып жатқан еді. Ойына түсіп «бисмиллә» деген кезде шайтан жегендерін құсты»,- дегенін жеткізген. 

Тамақтану барысында ашкөздіктен сақтану керек. Тарта жесең, тай қалар, Қоя жесең, қой қалар, Қоймай жесең не қалар.Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды деп қазағымызда айтып кеткен екен. Ал, дініміздегі мына тарихи оқиғаға көз салсақ Жебеле бин Сухайм Ибн Зубайр екеуміз соғысқан жылы қатты ашаршылық болды. Бізге тамақ орнына құрма таратылды. Құрманы жеп жатқанымызда Абдуллаһ бин Омар қасымыздан өтіп бара жатып бізге былай деді: «Құрманы қос-қостап жемеңіз. Өйткені, Пайғамбарымыз () бізге құрманы қос-қостап жеуімізді шектеді». Демек, бір қасық тамақты жақсылап шайнағаннан кейін келесі тамақты жеу әдептен болып табылады. Сонымен қатар су ішу әдебіне де мән берілгені Хадистерден байқаймыз Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (): «Суды түйе секілді бір деммен сімірмеңдер. Су ішкенде екі немесе үш рет тыныс алған абзал. Сондай-ақ «бисмилләһ» деп бастап, ішіп болған соң «әлхамду лилләһ» деп Аллаһқа шүкіршілік білдіріп, мадақ айтыңдар», – деп айтты» – делінген.Тирмизи.

 Тамақтану әдебіне сүйікті Пайғамбарымыз () көп хадистерінде келтіріп кетсе, дана қазағымызда салт-дәстүрімізде де аса зор мәнмен қарағаны айдан анық.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне тамақтану әдебінде: «Тамаққа отырмастан алдын және кейін қолды жуу: «Тамақтың берекеті ас ішуден алдын және кейін қолды жууда» - деген. Дініміздің тазалыққа құрылғандығындығын көрсетіп тұрғанын байқаймыз. Олай болса, тамақтанудан алдын және кейін қолды жуу - тазалықтың және тән саулығының басты кепілі. Сондай ақ кешкі тамақты азда болса-да жеу адам денсаулығына пайдасы бары анық. Көбінесе тәбетім болмай тұрғаны деп тіпті ас ішпеу немесе кешкі ас алдындағы артығымен жеуі, кешкі астануына кедергі жасамауы керек. Аз болса да кешкі тамақтан жеу керек” деп жатады халқымыз. Хадис шәрифте «Өте аз болса да кешкі тамақтан жеңдер. Өйткені кешкі асты тәрк ету қартаюға себеп болады (Әбу Нуайм). Хадистен көргеніміздей әр ас өз уақытымен аз жеп және астамшылықпен емес тоймай шамамен ішілуі мензелген. Асқазанның үштен бірін жеуге, үштен бірін ішуге.,Қалған үштен бірін ауаға қалдыру керек.

Әнас (р.ғ) айтады: Пайғамбарымыз () тамақ жеп болысымен саусақтарын жалап, былай дейтін: «Егер біріңнің тамақтарыңнан бір түйірі түсіп қалса, қыл-қоқымын алып тастап, шайтанға қалдырмай, жеп қойсын». Және бізге ыдыстағы тамақты жалап жеп қоюға бұйырып, былай дейтін: «Шынында сендер тамақтарыңның қай жерінде береке бар екенін білмейсіңдер». (Муслим риуаят еткен). Пайғамбарымыз () бұйырған тамақтың әдептерінің бірі, саусақта қалған тамақты жалап, жеп қою және ыдыста қалған тамақты тазалап жеп қою. Пайғамбарымыз () тамақты үш саусағымен жейтін еді. Және, егер тамақтың бір бөлігі түсіп кетсе, оны алып, тазалап, шайтанға қалдырмай жеп қоюға бұйырды.

Тамақты үлкеннен кейін бастау. Алдыңызға қойылғанына қарағанда рұқсатсыз бастауға болады. Бірақ үй иесінің бірінші бастауы сүннетке сай болады. Немесе сол қауымның әмірі, ақсақалы бар болса, сол бастайды немесе ғалым, құрметті кісілер де бастаса болады. Ибн Асакирден жеткізген Хадис шәрифте «Дастархандағы тамақты ең бірінші сол елдің әмірі немесе үй иесі немесе қауымның жақсысы бастасын.» 

Хузайфа атты сахаба «Пайғамбарымызбен () бірге тамақтанғанда, ол кісі бастамастан асқа қол сұқпайтынбыз» - деген.

Тамақты оң қолмен және ортақ ыдыстан жегенде өз алдынан жеу. “Алдарыңнан жеңдер” деген дұрыс. Алайда “періштелер ортасынан жейді” деген дұрыс емес. Себебі періштелер ішіп жемейді. Ішіп жеуге мұқтаж емес. Береке тамақтың ортасына жауады. Оған дәлел Хадис шәрифте былай дейді: «Береке тамақтың ортасына түседі. Сондықтан тамақтың ортасынан жемеңдер!» (Тирмизи)

 Омар ибн Сәләмә (р.а.) айтады, Аллаһ Елшісі ():«Бисмиллә деп айт, оң қолыңмен, әрі өз алдыңнан же»,- деп бұйырды. 

Тамақты өте тоймай тұрып тоқтатқан абзал. Сүннет бойынша, ыдыста тағам қалдығын қалдырмау керек. Жәбирден (р.ғ): Пайғамбар () саусақтарды және табақты жалауды бұйырған және «Негізінде, сендер оның қайсысында береке барын білмейсіңдер» деп айтқан. (Муслим). Тым көп тағам қалатын болса, оны міскіндерге таратуға кеңес беріледі. Тамақтан кейін шүкір мен мақтау-мадақ айту. Әнәс ибн Мәликтен (р.ғ):«Алла Елшісі (): «Ақиқатында, Алла тамақ жеген соң, Өзіне мақтау айтатын немесе сусын ішкен соң Өзіне мақтау айтатын пендеге разы болады». (Муслим).

 

Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің

бас имамы Дулат Қабиденұлы

 

0 пікір