Ішің өтірік айтады
Ішің өтірік айтады
12.06.2015 16:48
6652
0

       Бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір кісі келіп: Ағамның іші тырсылдап ауырып жатыр, – деп, не істеу керектігін сұрай келеді. Бұған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «бал шәрбатын ішкіз» деп кеңес береді. Әлгі адам біраз уақыттан кейін қайта келіп: Бал шәрбатын ішкіздім, бірақ ауырғаны қайтпай тұр, – дейді. Алла елшісі тағы да сол бал шәрбатын ішкізуді ұсынады. Ол кісі айтқанын орындап үшінші рет  тағы да жазылмай жатқанын айтады. Пайғамбарымыз тағы да бал шырынын ішкізсін деп қайтарып жібереді.

       Әлгі адам төртінші рет келгенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  Алла тура сөйлейді! Ол Құран Кәрімде балда шипа барын айтады. Ал сенің бауырыңның іші жалған сөйлейді. Бар да тағы да бал шәрбатын ішкіз», – деп жібереді. Шынында-ақ, тек төртінші ішкенде ғана ауруынан құлан таза айығып кетеді.

 

Ұқсас материалдар
Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы

 

 

0 пікір