ИСАХАН ХАЗІРЕТ ЖИЕНБАЙҰЛЫ (1860-1936)
ИСАХАН ХАЗІРЕТ ЖИЕНБАЙҰЛЫ (1860-1936)
16.01.2021 19:47
209
0

Исахан хазірет 1860 жылы Баянауыл ауданы, Аққозы аулында дүниеге келген. Руы қозған.

Исахан хазірет алдымен әкесі Жиенбай сопыдан діни білім үйренді. Исахан хазіреттің онан кейінгі ұстазы Ысқақ хазірет. Келесіде  1905-1915 жылдары Троицк қаласында татар «Зейнолла ишан» медресесінде оқып, діни терең білім алады, келесі кезекте  Уфа, Қазан қаласында да болып  діни білімін жетілдіріп, Құран тәпсірінен емтихан тапсырып, хазіретатанған екен.

Елге келген соң аулында медресе ашып,  балаларды  оқытқан,  шәкірттеріне діни білім берумен қатар, адалдыққа, мейірбандыққа, жақсы әдет-ғұрыптарды үйренуге шақырады. 20-ғасырдың алғашқы жылдарының бірінде Мекке-Мединеде қажылық парызын өтеп келген. Халық құрметіне бөленіп хазірет атанады.1930 жылдардың қат-қабат қайшылығы мол, аумалы-төкпелі кезеңінде  Исахан хазірет «халық жауы» атанып абақтыға жабылады, артынан ақталады.

1936 жылы Павлодар қаласында дүние салған. Ал бәйбішесі Күлімжан, руы-қанжығалы,  Әлібек қажының қызы, қаланың ескі зиратында бірге жерленген. Исахан хазіреттен тараған ұрпақтар бар.

 

0 пікір