ҒҰБАЙДОЛЛА МОЛДА ТӘЖІМҰХАММЕДҰЛЫ (1882-1966)
ҒҰБАЙДОЛЛА МОЛДА ТӘЖІМҰХАММЕДҰЛЫ (1882-1966)
24.01.2021 22:13
256
0

1882жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, қазіргі Әбжан аулында туып, сонда дүниеден өткен.

Руы: Арғын-Бәсентиін-Кенжебай-Күшік. Діни ұстазы Сейділла қажы Түйтебекұлы.

Ғұбайдолла молда Құран кітабын қолдан тастамаған, әрдайым ізденіп көп оқыған адам болыпты.Арабша жақсы білген, арабша жазылған діни кітаптары да көп болған екен.  Өз аулы ол кісіні өте құрмет тұтқан, аулында діни рәсімдердің барлығы Ғұбайдолла молдасыз өтпеген.

 1928-1930 жылдары молдаларды қудалау кезінде Құран кітаптары қолды болып кетпесін деп, оларды дінсіздер өртеп жібермесін деп сандыққа салып екі бөліп тыққан, бір сандық кітапты тоғайдың ішіне, екіншісін зират басына көміпті.

Заман тынышталып қалған 1960 –шы жылдары сандықты іздеп тоғайға тыққан сандығын таппаған.

Ал зират  басындағы сандықты қазып бетін ашып, Құран кітаптардың қағазы үгітіліп тұрғасын қайта жаптырып тастапты.

Сонымен қатар Ғұбайдолла молда өте шебер адам болған, әрі домбырада жақсы ойнаған екен. Бірде ұстазы Сейділлә қажы «Ғұбайдолла сен не домбыраны таңда, не дін жолын таңда!»,-деген екен. Содан кейін ол кісі өнер жолын тәрк етіп, тек ғана имандылыққа бет бұрын, қолынан қасиетті Құранды тастамай өтіпті.

Ол кісінің бір ұл, бір қызы болған, бірақ балалары дүниеден ерте өтті. Ұлы Зекен 19 жасында  Отан алдындағы борышын өтеу үшін қолына қару алып екінші дүниежүзілік соғыста мерт болды. Әйелінің аты-Бәди. Ғұбайдолла молданың балаларына, ұрпаққа арнаған тәлім –тәрбиеге толы өсиет өлеңдері бар.

 

0 пікір