ҒАБДЫЛУАХИТ ХАЗІРЕТ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1853-1926)
ҒАБДЫЛУАХИТ ХАЗІРЕТ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1853-1926)
12.01.2021 19:40
183
0

 ХХ-ХХІ ғғ. Кесене Шарбақты ауданы,  Арбиген ауылынан 15 шақырым, Павлодар қаласынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ғабдыл-Уахит хазірет (1853–1926) – ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі діни қайраткер. Хазірет қазіргі Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. Алғашқы білімді молладан алған ол оқуын алдыңғы қатарлы мұсылмандық білім беру орындарында жалғастыру бел буады. Білім қуып Бұқараға кетіп, сол жақта қаланың бай діни дәстүрлерімен танысып, ислам дінінің негізін тереңінен зерттеді.

Туған елге оралған соң бүкіл ғұмырын халыққа қызмет етуге арнап, ағартушылықпен айналысты. Шарбақты ауданындағы Есілбай ауылында медресе ашып, көпшілікті оқытты. Кейін хазірет Арбиген ауылына жақын жерде мешіт салып, сонда имам болды.  Ислам дінінің негіздерін дәріптей отыра, адамгершілік, әділеттілік, мейірімділік пен қамқорлық сынды ізгі қасиеттерді адам бойына сіңіруге талпынды. Аңыздар мен хикаяларға сүйенсек, Ғабдыл-Уахит хазірет айналасындағы адамдарға айрықша әсер етіп, дұғамен емдеу қабілетіне ие болған. Мұқтаж жандарға көмектесті. Тағдырын болжап, болашағын білуді қалаған адамдар кең байтақ даланың түкпір-түкпірінен хазіретке арнайы келетін.

 

(Ғабдыл-Уахит хазірет кесенесі)

Ғабдыл-Уахит хазірет пен оның қызметі туралы деректер аңыз-әңгімелерде, халық ауыз әдебиетінде сақталған. Солардың біріндегі мәліметтер бойынша, кеңес билігі кезеңінде, дін «халықтың басын айналдыратын апиын» деп жарияланған тұста имамдар мен хазіреттерді жаппай қудалау басталды. Бәз біреулер хазіретке қатысты шағым айтқандықтан, ІІХК қызметкерлері оның соңына түсті. Аңыз-әңгімеге сәйкес, хазірет намаз оқып отырған сәтте қызметкерлердің бірі Құранның парақтарын жырта бастайды. Осы кезде таң қаларлық оқиға болды: кенет, белгісіз себептерге байланысты ІІХК қызметкерінің беті қисайып кетті. Хазіретті атуға апарған уақытта соңғы өтінішін орындауды сұрады. Ол намаз оқуды аяқтады өтінеді. Намаз оқып болған соң хазірет әзір екенін айтып, қызметкерлер жаза қолдануға дайындалғаны сол еді, қаруы атпай қойды, бір қызметкердің қолы жансызданды. Осылайша, хазірет ажал аузынан аман қалды.

1926 жылы Ғабдыл-Уахит хазірет қайтыс болған соң оның зираты көптеген мұсылманның зиярат етер орнына айналды. 1953 жылы хазірет жерленген жерге мазар тұрғызылды. Алайда орманда болған өрттердің залалы бұл киелі нысанға да тиді. Сондықтан 2012  жылы ескі кесененің орнына жаңасы салынды. Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман-табиғи резерваты аумағындағы бұл кесене туралы жергілікті халық қана біліп, дүйім жұрт ұзақ уақыт бойы бейхабар еді. Қазіргі уақытта кесене – киелі мәнге ие нысан, қасиетті де киелі орындардың бірі, зиярат ететін жер. Еліміздің барлық аймағынан тұрғындар келіп, денсаулық пен табыстың мол болуын тілейді. Бұқара арабтарының әлемі медресесінің үздік оқушыларының бірі Ғабдыл-Уахит хазірет - «хазірет» титулына ие болған мыңның бірі. Бүгінде кесене аумағында барлық жағдай қарастырылған, тіпті түнеуге болатын үй бар. Зиярат етуге ниеттілерді жергілікті шырақшы (молла) қарсы алып, келушілерге хазіреттің өмірі мен қызметіне байланысты түрлі тарихи деректер мен аңыздарды әңгімелейді

Ғабдыл-Уахит жерленген орнының киелі маңызы хазірет тұлғасы мен мұрасының діни мәніне, Ертістің Павлодар өңірі жұртшылығының санасында әулиенің жерленген орнының киелі екеніне деген сенімге негізделген.  

 

 

0 пікір