Ең кәміл мүмин
Ең кәміл мүмин
10.12.2015 12:46
1625
0

 Адамзат тарихы пайғамбарлардың көркем ахлақ үлгілері мен көрсеткен теңдессіз әрекеттеріне толы. Хазіреті Жүсіп (с.а.с.) осының ең керемет мысалдарының бірі. Қасиетте аятта айтылғандай, ол өзіне зұлымдық жасаған бауырларына:

 - Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді жарылқасын. Ол мейірімділердің мейірімдісі (Жүсіп сүресі, 92-аят) – деп, кешірімділіктің теңдессіз үлгісін көрсетті. 

Осыған орай Хазіреті Пайғамбар (с.а.с.): 

- Иман тұрғысынан мүминдердің ең кәмілі – ахлағы ең көркем болғаны, - дей отырып, ахлақ иманның жемісі және кәмілдігінің белгісі екенін баяндаған. Алла достары да осы Мұхаммеди ахлақты өз бойларына дарытқан рухани жетекшілер болып табылады. 

Мүминнің мүмин үшін айна екенін, жаман көзбен қарағанда жамандықтарын, жақсы көзбен қарағанда жақсылықтарын көретінін ескеріп, нәпсісін мүминдердің жақсы жақсы жақтарымен айналысуға итермелеуі керек.

 

0 пікір