Ең әсем есімдер
Ең әсем есімдер
26.11.2018 14:03
749
0

Бұл Құран Кәрімде әл-Әсмәәул-Хуснәә (ең көркем есімдер) деп аталып өтеді.  Аяттарда көркем есімдердің саны айтылмаған. Ол бізге хадис арқылы жеткен.

Осы қолданыс төрт сүреде келеді.

Сүрелердің ретімен келтірер болсақ: Ағраф, Исра, Таһа және Хашр.

Бірінші

«Есімдердің ең әсемі Аллаһқа тән. Ендеше Оны сол есімдермен атаңдар. Аллаһтың есімдерін өзінше бей-берекет қолданатындарды елемеңдер. Олар қылықтарының көресісін көреді» (Ағраф сүресі – 180 аят).

Екінші

«Аллаһ деп атасаңдар да немесе Рахман деп атасаңдар да болады, қайсысымен атасаңдар да оған лайық, өйткені Аллаһтың да көптеген көркем есімдері бар деп айт.» (Исра сүресі – 110 аят). 

Үшінші

«Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ. Аллаһтың көптеген көркем есімдері бар» (Таһа сүресі – 8 аят). 

Төртінші

«Ол Аллаһ – жаратушы, жоқтан бар етуші, (барлық болмысты) бейнелеуші. Ол ең тамаша есімдердің иесі. Көкпен жердегілердің түгелі Оны мақтайды. Ол– өте жеңімпаз, хикмет иесі» (Хашр сүресі – 24 аят). 

Нузул реті бойынша:  Таһа, Исра, Ағраф және Хашр.

 

 

 Баянауыл ауданы «Мұса Мырза» мешітінің

ұстазы Берікбай Германұлы

0 пікір