ДІНІМІЗДЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ БАР МА?
ДІНІМІЗДЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ БАР МА?
17.10.2020 13:29
250
0

 Дін исламда барлық адам тең. Алланың алдында артықшылық тек тақуалықта. Ислам тарихында бұған қатысты Әбу Зар әл-Гиффари мен Билал Хабашидың арасында орын алған мына оқиғаны келтірсек болады.

Сахабалардың бірі Әбу Зарды және оның қызметшісі Рибазаны көреді. Екеуінің үстінде бірдей киім еді. Таңырқауын жасыра алмай: «Қожайын мен құлының бірдей киім кигені несі?» деп мұнын себебін сұрайды. Сонда Әбу Зар болған жайды баяндады: «Бір кісімен жанжалдасып қалдық. Мен оның анасының қара нәсілді болғандығын бетіне бастым. Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл жағдайды естіп:

«Әй, Әбу Зар! Оны анасына қатысты мазақ қылған екенсін. Демек, сенде әлі де жаһилият дәуірінің белгісі бар. Бауырың (қызметші) Алланың сендерге берген нығметтерінін бірі. Кімнің жанында қызметшісі болса, оған жақсы қарасын, өзі жегенді оған да берсін, өзі кигенді оған да кидірсін. Оларға күші жетпейтін ауыр міндет жүктемеңдер. Ауыр міндет жүктеген жағдайда , жәрдем беріңдер» –деп айтты дейді (Бұхари, Мүслім).

 

  Дінімізде рухани толқу бола ма?

Пайғамбардың «жаһилият» деп отырғаны исламнан бұрыңғы кезең. Бұл уақытта қоғамда шыққан тек және тайпамен мақтанып, күшті-әлсізге, дәулетті-кедейге әлімжеттік жасайтын уақыт болған. Ислам келіп мұндай өлшемдерге шектеу қойды.

Уәсилә ибн Асқағтың риуаятына сәйкес мынадай хадис бар: «Мен пайғамбардан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың Елшісі! Ұлтшылдық деген не?», – деп сұрадым. Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Қауымыңа зұлымдық жолында жәрдем етуің», – деп айтты» (Әбу Дәуіт).

Ислам адамды түсіне, нәсіліне немесе шығу тегі мен жынысына, әлеуметтік жағдайына қарап бөлмейді. Алланың алдында бұлардың барлығы тең. Адам бір-бірінен жасаған ізгі амалы мен көркем мінезі және құлшылық пен тақуалығы арқылы ерекшеленуі мүмкін. Дін ислам қоғамда өмір сүріп жатқан азаматтарды бөлінушілікке емес керісінше, бірлік пен ынтымаққа шақырады.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

0 пікір