Cуицид (өз-өзіне қол жұмсау)
Cуицид (өз-өзіне қол жұмсау)
12.05.2015 14:02
8405
2

        Қазіргі таңда «суицид» дегенді жиі естиміз. Шыны керек, тіпті таң қалмайтын болдық. Ең өкініштісі сол – өз-өзіне қол жүмсаушылардың арасында жастардың саны басым.

Адамдардың өз өмірлерін қиюына не себеп?

Психологтар суицидтің басты себептерін анықтаған:

  1. Жеке отбасы жағдайы (ажырасу, жақындарының өлімі, жалғыздық, «баянсыз» махаббат);

  2. Денсаулығы (күйзеліс, жүйке жүйесі аурулары, мүгедектік);

  3. Оқудағы немесе жұмыстағы келіспеушіліктер (әкімшілік жазадан қашу, масқара болудан қорқу).

       Бұл аталғандарға діни сауатсыздықты да қосқымыз келеді.

       Ал Ислам зорлық-зомбылыққа, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсауға қатаң тыйым салады. Өзін-өзі өлтіру, біреуді өлтіру – ең ауыр күнәларға жатады.

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Ертеде бір кісі қатты ауырып қалады. Ақыры жаны қиналып, шыдай алмаған ол білегін кесіп, өзін-өзі өлтіреді. Сол сәтте Алла тағала: «Менің құлым өлімін тездетіп, маған қарсы шықты. Енді оған жұмаққа жол жоқ» (Бухари хадистер жинағынан алынған)  деген.

       Өзін-өзі өлтіру – Аллаға қарсы келу деген сөз. Ал Жаратушының берген тағдырына риза болмай, Алланың бұйрықтарына қарсы шыққан адамдар ақиретте екі есе жазаланады. Осыны есте сақтайық. 

 

2 пікір
  • Kalmakhan Yerzhan
    15.05.2015 01:10
    Өз-өзіне қол жұмсау адамдық тұрғыдан да, дін тұрғысынан да үлкен қате. Өйткені, жан – Алланың берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат болмақ. Сондықтан да жастарымыз соны түсінсе екен.
    • Админ
      19.05.2015 11:36
      Иә, Ержан. Жастар арасындағы болмашы жағдайлар өз өмірлерін қиюмен аяқталып жатады қазіргі таңда! Жұрт болып жұмылып насихат жұмысын жалғастыруымыз керек деп ойлаймын.