БІРҚАТАР ЕЛДЕРДЕГІ «БІРТҮРЛІ» ТЫЙЫМДАР
БІРҚАТАР ЕЛДЕРДЕГІ «БІРТҮРЛІ» ТЫЙЫМДАР
08.05.2020 10:42
1169
0

Бір елдерде мынадай «заңдар» бар екен: егер сіз түскі демалыс кезінде шөп шабатын машинаны оталдырсаңыз немесе түсқайта алқызыл шалбар кисеңіз, жазаға ілігесіз. Әңгімеміз осындай «біртүрлі» тыйымдар хақында болмақ.

Германия
Неміс автобандарында көлікпен келе жатып, жанармай таусылып қалса да тоқтауға болмайды екен. Күре жолмен жаяу жүруге де тыйым салынады. Егер осы ережелерді бұзсаңыз, айыппұл көлемі 100 еуроға дейін барады. Ал мұндай жағдайларда ереже бұзбау үшін не істеу керектігін билік өкілдері ойластырмаған көрінеді.

Аустралия
Бұл елде жексенбі күндері түскі уақыттан кейін қоғамдық орындарға алқызыл түсті шалбармен шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ, лампочканы тек білікті электриктер ғана ауыстыруы тиіс, яғни кез келген адам оны өз қолымен ауыстыра алмайды.

Сингапур
Айыппұлдар – бұл елдің тап-таза көшелері секілді визиттік картасы. Егер сіз қоғамдық дәретханада отырғаннан кейін суды ағызбасаңыз, 500 доллар айыппұл төлейсіз. Ал сағызды елге әкелу мен шайнауға тыйым бұл елде 1992 жылдан күшіне енген. Егер сағыз шайнағаныңызды көрсе, 400 доллар айыппұл салады.

Польша
Варшава метросының перронында және баспалдақтарында жүгіруге болмайды (айыппұл – 25 доллар). Ал қала маңы пойыздарында карта ойнауға тыйым салынады.

Ұлыбритания
Лондонда тротуармен жүрген велосипедшіге 100 фунт стерлинг айыппұл салынады. Ал көлікпен бір жерге тоқтап, үш минуттан артық тұрсаңыз, моторды өшіруге тиістісіз (бұл талап орындалмаған жағдайда, айыппұл көлемі – 120 фунт стерлинг).

Таиланд
Мұнда жерде жатқан ақшаны басуға болмайды, өйткені тиындар мен банкноттарда король бейнеленген.

Ирландия
Ирландияда ХІ ғасырдан бері бір салт сақталған: 29 ақпан күні қыз өзі ұнатқан кез келген жігітке тұрмысқа шығуға ұсыныс жасай алады. Егер жігіт бас тартса, қызға айыппұл төлеуі керек.

ДайындағанЕ. Ерғалиұлы

 

0 пікір