Білім тарату - әркімнің міндеті
Білім тарату - әркімнің міндеті
29.05.2015 10:30
3071
0
Абдусамад Оқан, PhD докторанты, исламтанушы

 

Қасиетті Құранда: «Біз кітапта ашық жариялағаннан кейін түсірген анық дәлелдерді және хидаятты жасырғандарға Алла да, бүкіл лағынет етушілер де лағынет етеді» («Бақара» сүресі, 159-аят) деп білгенін өзгелерге жеткізу әрбір иманды құлдың мойнындағы парызы екенін айтқан.

 «Тектілер ілім таратар,
Алланың әр ісіне берік болып,
Жүрген жолы пейіштей жарық болып!
Азғындар дін таратар көшіп-қонып,
Шайтанның шылауына серік болып»,

– деп Қожа Ахмет Яссауи бабамыз айтқандай, адам баласының өркениетті өмірінің мәні ғылым-білімді игеруде жатыр. Ондағы мақсат – білімнің адам баласына жөн сілтеп, дұрыс бағдар көрсету арқылы кәміл адамдыққа жетуі.

Ханафи мәзһабының алғашқы ғасырларда өмір сүрген ғалымдары: «Адам баласына қасиетті Құран кәрім, фиқһ, парыздарды үйреткені үшін ақы төлеуі дұрыс емес»[1] екенін айтады.

Ислам діні білім ордаларының көп болуына баса мән береді.  Иләһи ілімнің қайнар көзі болған Құран оқылу, үйретілу және Құран талабына сай өмір сүру үшін түсірілді. Әуелі Құранды Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Жебірейілден (ғ.с) үйренді. Оны тәлімгер Алла елшісі (с.ғ.с) үмметіне үйретіп, әрі Құранды үйретуді, ұстаздық міндетті жалғастыруды өсиет етті. Көпшілік Құранды мұғалімдер арқылы ғана үйрене алады.

Мұғалімдердің азаюы қара халықтың Құран немесе діни білімнен сауатсыз қалуына себеп болады деген пікірді ұстанған Ханафи мәзһабының Мәрғинани, Ғәйни, Сарахси және Ибн Камал сынды ғалымдары истихсан (бір істі ұнамды білу) негізінде Құран немесе діни білімге ақы алудың дұрыстығын айтады. Әрі Құран Кәрім және діни білім үйрету барысында ақы алудың дұрыстығын айтқан фақиһ ғалымдар мұғалімдерге берілетін ақының үзілмеуі, адам баласының дүние және ақырет біліміне қатысты мәліметтерден бейхабар қалмауының бірден-бір жолы. Ал мұқтаждығы болмаған, басқалай кіріс көзі болған адамның жасаған дін қызметі үшін ақы талап етуі, истихсан негізіне сәйкес болмағандықтан дұрыс емес дейді[2].                                                                                                                                                                     


0 пікір