БЕРЕКЕ ДЕГЕН НЕ?
БЕРЕКЕ ДЕГЕН НЕ?
21.01.2020 10:20
215
0

Егер өнімді тіршілік етудің Ислами тұрғыдан анықтамасын іздейтін болсақ, оны береке, нығмет деген түсініктермен тұжырымдауға болады.

       Аз шығынмен көп пайдаға қол жеткізу, аз уақытта көп нәрсені жасау, аз еңбекпен көп өнімге кенелу дегеннің барлығы Алла тағаланың нығметіне жатады. Алайда бүгінде береке ұғымы жоғалған қазына іспетті. Кез-келген адам оны іздейді, бірақ таба алмай жатады. Шынында, қазіргі таңда дамдардың көбісі уақытында, тапқан табысында, ақшасында, ұйқысында береке қашып кеткені жайлы айтып жатады. Сондықтан бұл бөлімде берекеге жетудің жолдары тақырыбын қамтимыз.

       Имам Ғазалидің айтуы бойынша, аз мал-дүниенің берекесі болса, көп адамның рахат өмір сүруіне, көптеген жақсылықтар жасауына себеп болады. Сондай-ақ, мал-дүние көп болса да, оның берекесі болмауы мүмкін. Ол, яғни берекесіз мал дүниені жинай беру – бұл дүние мен ақыретте қиыншылыққа душар болуына себеп болады. Ендеше, Алладан мал-дүниенің көп болуын емес, берекелі болуын сұраған жөн.

0 пікір