БАУЫРМАЛДЫҚ КЕРЕК ДЕСЕК ТЕ?
БАУЫРМАЛДЫҚ КЕРЕК ДЕСЕК ТЕ?
07.07.2019 15:20
203
0

Алдыңғы күні ақшам намазына аз қалған кезде сақалы сала-құлаш, шалбарымен киімі тап-тар, балағы келте, байпағы қысқадан да қысқа жазға арналған бір зіңгіттей жігіт мешітке келді. Ал біздің қысқа сақалмен ұзын балағымыз оған ұнамай отырды.

Көп-көрім сәлемдесіп хал сұрасқаннан кейін, көп ұзамай «даудың басы Дайрабайдың қызыл сиыры» дегендей сақал мен балаққа тақырып келіп сақ ете қалғаны.

Иә, қаншама дәлел-дәйек әкелсеңде олардың бір ортақ қасиеті, өз әні мен әуенінен айнымайды. Сол арқылы «мәзһаб» ұстанудың бидғат екеніне келіп әңгіме ойысты. Оған терең бойлап енбестен алғашқы балақ, тап-тар киім төңірегінен төніп менде ұзамадым.

Байпақ ол дәуірде болды ма, болса пішіні қандай, изар деген шалбар – деп қай атаң (шейхің) айтты? – дегендей сұрақтарды тас борандай жаудырдым.

Ақыры «мәзһаб» ұстанбай Құран және Сүннет пен іс-амал жасайтын болсаңдар Құран бойынша неге киім кимейсіңдер осы деп түйлігіп қойдым.

Ол не дегенің деп қояды. Мен де Нахыл сүресінің – 80 аятының аудармасын бердім. Қазақша түсіне қоймағанын сезіп орысша аударманы бердім.

«... Сондай-ақ төрт түлік малдың терісінен көшіп-қонған күндеріңде алып жүруге, құруға һәм жинауға ыңғайлы жеңіл үйлер, жасап алуды әрі олардың жүнінен, түбіті мен қылынан белгілі уақытқа (яғни, дүниеден озғанға) дейін киім-кешек, көрпе-жастық, төсеніш сынды тұрмыстық бұйымдарды және саудаға салатын заттарды жасауды нәсіп етті.»

Жеңіл үйлер дегеніміз атам қазақ көтерген Киіз үй емей немене, ал киім кешегіміз тері, жүн, қыл мен түбіттен мүлде емес қой, сонда қалай Құран мен Сүннетпен өмір сүріп жатырмыз? Мәзһабты айтпай-ақ қоялық.

Сондай-ақ тар киім тақуалықтың қай жағында. Тіпті Аллаһтың әз елшісі жалаңбас жүргені жайлы дерек келтіре аласың ба?

Тақуалық киімі жайлы Ағраф сүресі 26-27 ші аяттарын еш оқып көрдің бе? Ол жайлы шәйхің неге ауыз ашпаған деп бір қойдым.

Сосын аталмыш сүренің 31-ші аятын көрсеттім. «Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де намаз оқитын болсаңдар таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер...»

Тазалығына сөз жоқ. Бірақ Құран бойынша мына шорты әдемі киімге жата ма? Балағың қысқа болған мен носкиің қызыл асығыңнан асып кетті ғой.

Балақ қысқа болу керек болса, носки мүлдем кимеу керек, ал носки кисеңіз ол да қызыл асықтан аспау қажет емес пе – деп миын ашыттым.

Астағфируллаһ! Ахи ақылға сала берсең адасасың. Жалпы сендер солай адасып бастағансыңдар деп әңгімені аяқтады.

Ал біз ақылды уахидің аясында орынымен қолданған имамдарымыздың артынан еруге лайықпыз ба деп өзіме сұрақ қойып менде қойдым.

Баянауыл ауданы «Мұса-мырза» мешітінің

Ұстазы Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

 

0 пікір