Бауырмалдық-Исламның бұйрығы
Бауырмалдық-Исламның бұйрығы
13.02.2018 14:04
240
0

Бір елдің нанын жеп, бір жердің суын ішіп отырғандықтан мұсылман мұсылманға қаталдық танытпай, бауырмалдығын көрсетуі тиіс.

Бұл - Исламның бұйрығы. Құранда:  

«Күмәнсіз, мұсылмандар бір-бірімен бауыр» делінген.

Екі мұсылман ренжіссе арасын татуластыру әрі бұның үлкен сауап екендігі айтылған.

Хадистерде: «Сіздер иманға келмейінше жұмаққа кіре алмайсыздар. Бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше иманға келе алмайсыздар. Сіздерге бір-біріңізді жақсы көруге септігі тиетін нәрсе айтайын ба? Араларыңызда сәлемдесуді жайыңыздар!», «Мұсылмандар бір-бірін мықтап ұстап тұрған қабырға тәрізді», «Мүминдер бір-бірін жақсы көруде, жан ашуда, бір-біріне мейірімділік танытуда бір мүшесі ауырғанда басқа мүшелері қосыла сыздайтын дене тәрізді», «Уа, Алланың құлдары! Бауыр болыңыздар! Мұсылман - мұсылманның бауыры. Оған әрқашан қол ұшын береді. Өзінен төмен көрмейді. Тақуалық деген осында. Адамға мұсылман бауырын қор санауы күнә ретінде жеткілікті»,- делінген. 

0 пікір