Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?
Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?
30.07.2015 16:31
15656
0

        Барлығымыз да бақытты, жақындарымызбен тату-тәтті өмір сүруге тырысатыным анық. Ол үшін не істеу керек? Келесі кеңестеріміздің сізге міндетті түрге септігі тиеді, сондықтан қаперіңізден шығармаңыз:

  1. Аздан бастаңыз. Бәрі де бірден бола салмайды. Сабырлық танытыңыз. Сәттілік аз ғана нәрседен бастар тынбай еңбек еткен жандарға ғана келеді.
  2. Ойымыз – материалды. Не ойласақ, сол орындалады. Егерде адам жаман нәрселерді ойласа, ауруға шалдығады. Ал егер адал ниетте болып, Алладан шын жүректен тек жақсы нәрселерді тілесе, міндетті түрде орындалады.
  3. Кешіре білу. Біреуге қанша ренжіп, ашулансаңыз да, кешіре біліңіз. Бұл өзіңізге пайдалы. Ренішін ішіне жинап, өкпелей беру – ауыр жүк, ауруға алып келеді (бұл медициналық тұрғыдын дәлелденген нәрсе).
  4. Дамыңыз. Сіздің іс-әрекетіңіз маңызды. Бір жерде тоқтап қалмаңыз. Тынбай еңбектеніңіз. Дамыңыз. Алла әрбір құстың өзіне жеуге құрт береді, бірақ оны ұясына тастамайтынын ұмытпаңыз.
  5. Түсінуге тырысыңыз. Қандай жағдай болса да, кімді болса да бас салып кінәлай бергеннен гөрі түсінуге тырысыңыз. Сіздікі дұрыс болғанын қалайсыз ба, әлде бақытты болғаныңызды қалайсыз ба?
  6. Өз-өзіңізді жеңе біліңіз. Өзіңізді жеңу үшін ақылыңызды жеңуіңіз керек. Ақылыңызды қадағалаңыз. Не болса да ақылға салыңыз. Қабырғаңызбен кеңесіңіз.
  7. Үйлесімде (гармония) өмір сүріңіз. Үйлесім, тыныштық алдымен ішкі дүниеңізден бастау алады. Ал біреуге ренжу, кінәлау, кек сақтау, жек көру т.б. шайтани қылықтар сізді жегідей жеп тынады. Жан тыныштығына мән берсеңіз, бәрі де жақсы болады.
  8. Шүкіршілік етіңіз. Алдымен Жаратқан Аллаға шүкіршілік айтыңыз. Сосын ата-ана, бауырларыңыз бен жақындарыңыз үшін ризашылық танытыңыз. Осының бәрін берген Алла неткен құдіретті еді десеңізші?! Қолдағы барыңызды қанағат тұтыңыз. Алдан тек жақсы нәрселерді күтіңіз, сонда ғана шын бақытқа қол жеткізесіз. Алла барлығыңызға да бақытты болуды нәсіп етсін!

        Әртүрлі   

Қадір түні мың айдан қайырлы
Күн көзінен қорғанудың жолдары
Дінді дамытудағы ақын-жыраулардың ролі
Сатылмайтын сағат...
Ажал құштырған бейқамдық
Адам ұйқысыз өмір сүре ала ма?
БАЛАНЫҢ ІШТЕН АЙТҚАН РЕНІШІ
Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Жетімнің монологы
Ішің өтірік айтады
Нәпсi аждаһа
Жоғалған әмиян
Таңертең ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?
Құрандағы насих мәселесі
Қиямет қашан болады?
Бәраат түні
Жаман ойлардан қалай арыламыз?
Жәннатқа жетелеген дұға
Бейбарыс сұлтанның ерекше шешімдері
Білім тарату - әркімнің міндеті
Үлкен өмір...
Қиыншылықтар бізге қайдан келеді?
Жұмаққа кіре алмайтындар
ТОПЫРАҚ БОЛ, ГҮЛ ӨССІН
Миғраж түні
Cуицид (өз-өзіне қол жұмсау)
Құран қиссалары жайында
Мисуактың маңызы
Бас мүфти: «Отан – қасиетті ұғым, қастерлі сөз»
«Мүгедек» қыз
Алла қандай құлдарын сүйеді?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиған неке
Алла разылығы үшін жақсы көру
Дұға жасаушыға кеңес
Жас қазақтың мақсаты – «Googlе»-ға басшы болу

Адам неге жалаңаш жаратылған?
Тақуа құлдың бір күні
Дінде өзіңнен жоғарыға, дүниеде өзіңнен төменгіге қара
Мұны не үшін айтқанымды өзің ойлан...

Барлық дертке ем дәрі
Бисмилла сөздің бастауы (термеден үзінді)
Мойнымда бар бес парыз ( термеден үзінді)
Таңғы және кешкі дұғалар
Телефонға да тектілік керек
Адамның әлсіз тұстары
Түс жори аласыз ба?

 

0 пікір