АЗАНШЫ ЕРМЕКЖАН МЕТЕНОВ (1876-1954)
АЗАНШЫ ЕРМЕКЖАН МЕТЕНОВ  (1876-1954)
21.01.2021 23:59
199
0

Ұзақ жылдар бойы Бижан мешітінің азаншысы болған Ермекжан Метенов 1876 жыны Павлодар уезі Ұрық болысында (қазіргі Павлодар ауданы, Красноармейка ауылдық округі) дүниеге келді.

Ол жастайынан ағаш өңдеумен шұғылданыпты. Кейіннен  ағаштан неше-алуан  бұйым жасай  алатын  қолөнер шебері болды.

 

 Ол орыс және татар байларына жалданып үй, дүкен салумен айналысты. Ермекжан жұмыс істей жүріп,  татар мешітіне барып, дәріс алды. Медресені бітірген соң  молда болып, қазақ ауылдарына дінді насихаттады.

1920 жылдары қазіргі Шақат ауылының маңатында тұрған Бижан деген бай кісі қалада мешіт салмақ болып, ағаш шеберлерін іздестіреді. Сол кезде Баян деген ағайынның акыл-кеңесі, қолдауымен Ермекжан Бижан мешітін салуға қатысады.

1922 жылы «Бижан» мешіті салынып бітіп, халық игілігіне айналды. Оның алғашқы имамы Лекеров Жандолла, азаншысы Метенов Ермекжан болады. 1928 жылы байлардың мал-мүлкін тәркілеп қуғындаған кезде Бижан бай Ресейдің Қарасуық деген жеріне барып бас паналайды. Бірақ ұзамай ұсталып абақтыға жабылады, сонда қайтыс болады.

Осы кезде Павлодар қаласындағы екі мешіт те жабылып жұмыстарын тоқтатады. Тек 1930 жылы ғана «Бижан» мешіті қайтадан жұмыс істеу мүмкіндігін алады. Содан бастап 1937 жылға дейін Ермекжан бірнеше имамдармен бірге қызмет істейді. Ол имамдардан тәлім-тәрбие алып, діни кітаптарды, Құранды оқып, өзінің білімін жетілдіреді. Діни орта білімі бар деген құжатқа ие болып, молдалардың бірі ретінде кызметін жалғастырады. Алайда бұл да ұзаққа бармады, 1937 жылы молдаларды қуғындай бастады. Мешітте имам болып отырған, Троицкіде оқыған Сейітов Әбдірахман хазірет«халық жауы» деген жаламен 1937 жылы тамыз айында түрмеге қамалып, қазан айында атылды.

Ермекжан молданы да «Алашорданың мүшесісің» деп абақтыға жапты. Кейіннен қылмыстық іс табылмаған соң оны түрмеден босатты.

Айта кету қажет, 1937 жылы мешіттер жабылған кезде  оның ғимараттарын мәдени-ағарту мекемелеріне  айналдырған  еді. Ермекжан молда түрмеден ақталып келсе, мешіт тігін шеберханасы болыпты.Өзі салған мешіті  қимағандыктан  әрі үйі соның, қасында  тұрғандықтан, ол тігін шеберханасына балташы, шаруашылық меңгерушісі болып орналасады.

Көп ұзамай  соғыс басталып азаматтар майданға аттанды. Ермекжан молданың жұбайы қайтыс болып, қызы Бәтиманың қолында қалады. Осындайауыртпашылық кездің өзінде ол бес уакьгг намазын оқып, қайтыс болған адамдардың жаназасын шығарып, қала мен ел  арасында шариғат айтып,  халықты ораза ұстап, намаз оқуға шақырып, молдалық құрады.

Соғыс аяқталған соң 1945 жылы 20 маусымда Павлодар қаласындағы «Бижан» мешіті қайта ашылады. Бұған қол жеткізген Құлмағамбетов Рахметолла хазірет болатын. Ол Павлодар өңіріндегі  мұсылмандар  атынан қайта-қайта өтініш жазып, ақыры мешіттің кайта жұмыс істеуіне қол жеткізді. Өзі имам, ал азаншы әрі мешіттің молдасы Метенов Ермекжан болды.

Мешіт кайта ашылып, іске кіріскен кезде оған от жағу, ішін тазалау үшін Михаят деген әйелді жұмысқа алған еді. Ермекжан сол әйелге үйленеді. Мешіт әртүрлі мекемелерге берілгендіктен оның ішін де, сыртын да жөндеу қажет болды. Ермекжан әйелі екеуі діни қызметтен қолы босаған кезде мешптің жөндеу жұмыстарымен айналысты. Бір-екі жылдың ішінде құдай үйін бұрынғы қалпына келтірді.

Ермекжан молда күніне бес рет намаздың алдында азан шақыратын. Оның дауысы зор болатын. Ол азан шақырғанда дауысы бүкіл қалаға естілетін. Ермекжан молда күні-түні мешіт ішнде болып, Құран оқу, намаз сабақтарын өткізетін.

Кішіпейілдігімен, дінге шын берілуімен, мешітке  қамқорлығымен ол халық арасында абыройға ие болды.

Рахметолла имам Максим Горький аулынына қоныс аударуына байланысты «Бижан» мешітінеБектасов Ысқақ хазірет имам болып келеді. Ысқақ хазірет те діни білімі терең молда болатын.Үйі мешіттің жанында еді.Бұл кезде мешітке келетін намазхандар да көбейді. Келетіндер негізі алпыстан асқан қариялар болатын.

1940 жылы Ысқақ хазірет Петропавл қаласына басқа жұмысқа кеткенде азаншы Ермекжанға мешіт қабырғасында молдалық жұмыс атқаруға рұқсат берілді. Сол жылы мешітке  имам болып қайтадан Құлмағамбетов  Рахметолла келді. Ал Мәтенов Ермекжан имамның орынбасары, әрі азаншы кызметін атқарды. Және мешіттің кассирі болды. Ол мешіттің жұмысын жақсартуға, намазхан, діндарлардың санын арттыруға мол үлес қосқан молдалардың бірі еді.

Павлодар өңіріне өте сыйлы, қасиет дарыған Ырысбек Шайхы-ата молданы қатты сыйлап, бұл кісінің діни білімі және«Бижан» мешітіне сіңірген еңбегін катты бағалап, ақ батасын беріпті.

Ермекжанның отбасында да Михаятка үйленгеннен кейін үлкен қуаныштар болды. 1946 жылы жетпіс жасқа келгенде ұл бала көріп, қартайғанда тапқан балам деп атын Кәрібай қойды. 1949 жылы екінші ұл бала көріп, атын Дәрібай қойды. Ал 1952 жылы Фарида атты қыз бала дүниеге келді. Ермекжан молданың куанышында  шек болмады.

 Ол 1954 жылы дүние салды. Намазын мешіттің имамы Рахметолла хазірет шығарды.

Ермекжан имандылық жолға түсіп, молда болуды отыз жасында бастаған еді.  Сонда ол 48 жыл молдалық құрса, оның  отыз жылы Бижан мешітінде адалқызмет етуге арналған екен. Ол осы уакьгг ішінде бір имам кетіп, екінші имам келгенше оның орнын жоқтатпай, ісін жалғастырған ірі молдалардың катарында болды.

 Кұдайға шүкір, Ермекжан молданың қартайғанда көрген балалары ержетіп, әрқайсысы бір-бір отбасын құрып, балалы-шағалы болып отыр. Олар барда Ермекжан молданың есімі ешқашан ұмытылмақ емес.

 

 

0 пікір