Автобустағы ой
Автобустағы ой
20.08.2019 10:41
2618
0

Автобус іші. Иін тірескен адамдар. Бір кезде аялдамадан екі қолында сөмкесі бар апа мінді. Қысылыс болғандықтан әлгі апа бір қыздың аяғынан байқамай басып кетті. Сол-ақ екен, құлағына құлаққап киген, шашын жалбырата жайып алған жап-жас қыз: «Көзіңізге қарамайсыз ба?» - деп жекіп салды. Барлығы жалт қарады. Сасқалақтаған апа: «Кешірші, айналайын, байқамай қалдым» - деп еді, анау одан сайын: «Абайламасыз ба?....» - деп өршелене түсті. Апа кешірім сұрап әлек...

       Байқадыңыз ба, осы бір оқиғада бір адамның қаншама кемшілігі көрініс тапқан:

-         ашулану
-         дөрекілік
-         үлкенді сыйламау
-         кешірімді болмау
-         «ә» десе «мә» деу
-         жекіп сөйлеу
-         мейірімсіздік
-         қатыгездік

       Ал қасиетті Құранда: «Нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында садақа бергендер (ашу қысқанда өзін ашуландырған адамның сазайын беруге шамасы жете тұрып) ашуын жеңе білгендер һәм адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді» делінген («Әли Имран» сүресі, 134-аят).

0 пікір