АТАМ БІР ДҰҒА ТҮГІЛ, БІР АУЫЗ АРАБША СӨЗ БІЛМЕЙДІ, БІРАҚ...
АТАМ БІР ДҰҒА ТҮГІЛ, БІР АУЫЗ АРАБША СӨЗ БІЛМЕЙДІ, БІРАҚ...
27.05.2020 10:46
1117
0

...Менің атам Кежімбай Мүсіреп баласы бес уақыт намазды қалдырмай оқиды. Отырып-тұруын, оқитын дұғаларының бірін қалдырмай оқиды. Мен молдадан үш жыл оқығаннан кейін атамның оқитын дұғаларын тексерсем, бір дұға білмейді екен. Жығылып-тұрудың бес уақыт намазда қанша екенін біледі, неше рет қол жайып, иек сипағанды біледі. Бірақ, бір дұға түгіл, бір ауыз арабша сөз білмейді.

Дегенмен, атам намаз оқығанда мен атамның түсіне ылғи қарайтын әдетім болды. Намаз үстінде атам керемет ажарланып кетеді. Атамның мұндай ажарлы, мұндай мейірімді, мұндай таза кескінін мен күнделікті бір көрген емеспін. Ол Құдайға шын жалынып тұр. Күнделікті қандай күнә жасап алғанын мойнына алып, енді кешірім сұрайды. Соған бет алғанда-ақ ол тазаланып, ажарланып кетеді.

Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды. Сол сенімнің аты – Дін. Ең арғысы саяси сенім дегеніміздің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін. Қадір-қасиет жағынан қарағанда діннен төменірек, сенімділігі болса, табанды-тұрақты емес нәрсе.

 

 Ғабит Мүсіреповтың  қойын дәптерлерінен алған

жазушы Құлтөлеу Мұқаштың жазбасынан!

 

0 пікір