Ашура күні
Ашура күні
21.10.2015 17:59
6396
0
Мухитдин Иса

                 Мухаррам айының оныншы күні "ашура күні" деп аталады. Хадисте айтылғандай осы күні көптеген ғажайып оқиғалар болған.

Бір күні сахабалар Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) : " Уа, Алланың елшісі! Хақ Тағала ашура күнін басқа күндерден ерекше етіп пе еді?" деп сұрағанда Пайғамбарымыз: "Ия, Алла Тағала ашура күнін басқа күндерден мәртебесін биік етті. Алла  Тағала көктерді ашура күні жаратты. Таулар мен теңіздерді, қалам мен тағдыр тақтасын және Хазіреті Адамды ашура күні жаратып, ашура күні жаннатына қойды. Ибраһим сол күні дүниеге келіп, сол күні Алла Тағала оны оттан құтқарды. Ашура күні ұлының орнына құрбан ету үшін оған үлкен бір қошқар берді. Алла Тағала перғауынды ашура күні суға батырды. Айып пайғамбарды ашура күні басына келген пәледен құтқарды. Адам пайғамбардың тәубесін сол күні қабыл етті. Дәуіт пайғамбардың қателегін ашура күні кешірді. Иса пайғамбар ашура күні дүниеге келді. Қияметте ашура күні болады" деп жауап берді. 

                                       Ашура күні ораза ұстау

Ашура күні ораза ұстау - сүннетке жатады. Кейбір деректерде осы күні ауыз бекіткен адамға шейіт сауабындай сауаптар жазылатындығы айтылған. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) Мәдинаға келген кезде яһудилердің ашура күні ораза ұстағанын көріп, " Бұл қандай ораза " -деп сұрады. Оған : Бұл - ұлы күн. Алла бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын дұшпандардан құтқарған.Сондықтан осы күні Мұса ораза ұстайтын" - деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)сонда: " Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлдеқайда жақынмын" - деді де ,осы күні ораза ұстауды әмір етті.

Бірақ яһудилерге ұқсамау үшін бір күн ерте бастау яки ашура күні ораза ұстайтын болса тағы бір күн қосып ұстау керек. Яғни тек ашура күні ғана ораза ұстауға болмайды.

Кейбір деректерде осы күні ауыз бекіткен адамдарды ауызашарға шақырып ас берген адамның мол сауапқа кенелетіндігі де айтылады.

Тіпті кейбір хадисте "ашура күні бала-шағасына мол ризық алып оларға ішіп жегізген адамға Алла жыл бойы молшылық нәсіп етеді" деп айтылады.

Ашура күні ораза ұстау күнәнің да кешірілуіне арқау болады. Бір хадисте: "Ашура күні ауыз бекіткен адамның өткен жылғы күнәлары кешірілетінінен үміт етемін" дейді.

 

0 пікір