Ақ жаулық – тұрмысқа шыққан қыздың символикасы
Ақ жаулық  – тұрмысқа шыққан қыздың символикасы
06.03.2018 11:54
705
0

«Дін мен дәстүр – егіз» дейміз. Дінде дәстүрімізге қайшы, дәстүрімізде дінге қайшы көрініс жоқ. Десе де, дін жолында жүрген қыздарымыздың орамал тағуы – «дәстүрімізге жат» деген пікірлер бар. Себебі неде?

Енді негізінен, дәстүр бойынша қазақтың қыздары орамал таққан, жалаңбас жүрмеген.

Құранның «Нұр» сүресінде: «Әйелдің әурет жерлері жабық болу керек. Олардың ең әдемі жері – шашы» делінген.

Қыздар жас кезінде басына үкілі бөрік, тақия киген,тана (тиын) таққан. Тұрмысқа шықпаған қыздар – қызыл орамал таққан. Қазақтың «қыздың көзі – қызылда» деуі осыдан шыққан. Жұмыс істеген кезде үнемі бөрікпен жүре алмайды ғой. Құндыз бөрік – сән мен салтанаттың образы. Күнделікті өмірде түрлі-түсті орамал тағып жүрген. Ал тұрмысқа шыққаннан кейін, ақ орамал таққан.

«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» – дейді қазақ. Ақ жаулық дегеніміз – тұрмысқа шыққан қыздың символикасы. Бұл нәрсе дәстүрімізге жат дүние емес. «Дәстүрге жат» деп, дінде жүрген кейбір қыздарымыздың қара түсті киімдер киетінін айтып отыр.

Қазақ қара қашан киінген? Үйінде бір адам қаза болған кезде ғана киген. Біздер оны «қара жамылу» дейміз. Қап-қара болып никаб, паранжа кию – дәстүрімізде жоқ нәрсе. Ал негізінен қыз баланың, әйел адамның шашы жабық болуы – бұл барша мұсылманға ортақ қағидат.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің доценті 

Омар Жәлел

    Әңгімелескен Ләззат Мақаш

0 пікір