АЛЛА ТАҒАЛА ҰЯЛҒАНДА, АҚ САҚАЛДЫЛАР ҰЯЛМАДЫ!..
АЛЛА ТАҒАЛА ҰЯЛҒАНДА, АҚ САҚАЛДЫЛАР ҰЯЛМАДЫ!..
24.09.2020 14:33
398
0

Жаппар Иеміз махшарда есепке шақырған бір қарттан:

 «Мына күнәларды неге жасадың?», – деп сұрайды. Ол қарсылық білдіріп, күнә жасамағанын айтады.

 Сол кезде Рақымды Алла Тағала періштелерге:

 «Олай болса, оны жәннатқа апарыңдар» деп бұйрық береді.

Сонда жағдайдан хабардар періштелер:

 «Уа, Алла Тағала, бұл кісінің мынадай-мынадай күнә жасағаны Өзіңе аян ғой», – дейді.

 Алла Тағала оларға:

 «Иә, солай, бірақ Мұхаммедтің үмбеті екендігіне, ағарған сақал-шашына қарап, оның айыптарын бетіне басуға ұялдым», – дейді.

Жәбірәйіл періште осы хабарды жеткізгенде, мол мейірім мен шапағат иесі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көзіне жас толып:

 «Алла Тағала үмбетімнің ақ сақалдыларын сыйлап ұялғанда, үмбетімнің ақ сақалдылары күнә жасаудан ұялмайды!», – деген еді.

 

Әл-Муттақи, Кәнзу-л уммал 15 т. 42680 хадис.

0 пікір