Ажал құштырған бейқамдық
Ажал құштырған бейқамдық
25.06.2015 14:08
12753
0
Осман Нури Топбаш

        Бір кісі жол үстінде ойланып келе жатады. Бір кезде өзіне қарай келе жатқан жыртқыш аңды байқап қалады. Қатты қорыққаннан жақын маңда тұрған құдықты көріп қалып, соған қарай секіріп кетеді. Құдықтың түбіне құлап бара жатып бір ағашқа ілініп қалады. Ол бұтақты бірі – ақ, екіншісі қара екі тышқан кеміріп тұр екен. Ал құдықтың түбінде белгісіз бір аң аузын айқара ашып жеуге дайын тұр. Қайдан пайда болғаны белгісіз, екі жылан да бұған ысылдап, айбат шегуде. Өлім мен өмірдің ортасында тұрған бұл қатты қорыққаннан есі шығып не істерін білмей дал болады. Оның бұл тұрысында тез арада шешім қабылдауы тиіс болатын. Әр минуты да санаулы-тын. Мына құдықтан қалайда болса шығуды ойлап тұр, ал екі тышқан ағашты тоқтаусыз кеміруде. Қолы да талып, ауырып барады. Қалай шықсам екен деп әбігерге түскен кісі жан-жағына қарай бастады. Көзіне бірден ағаштың қуысындағы бал арасының ұясы түсті. Оны көрген ол өз жағдайын ұмытып балдың дәмін бір татуға асықты. Ішінен: «Мынадай жерде хош иісті бал... қалайша? Сонда да дәмін бір көрейін, сосын шығудың қамын ойластырамын» деді де, балды жеуге кірісті. Дәмі тіл үйірер балдың ұнағаны сонша, мынадай керемет тәттіні енді еш жерде кезіктірмеспін, сондықтан тойып жеп алайын деп өзінің өлім мен өмірдің арасында тұрғанын, жеуге дайын мақұлықты да, жыланды да ұмытып кетті. Ал ағашты тоқтамастан кеміріп жатқан тышқандар өз істерін бітірген сәтте, әлгі кісі де ажалын құдықтың түбінен тапты...

      Бұл мысал адам мен оның немқұрайлылығы туралы. Онда көптеген символдық бейнелер (образ) бар:
Құдық – мына жалған дүние,
құдықтағы тіршілік иелері – пендешілік өмір мен нәпсі,
ақ тышқан мен қара тышқан – күн мен түн, яғни адам баласына берілген уақыт,
бал – бұл өмірдегі алдамшы рақаттар,
кісі – өзінің бейқамдығы мен немқұрайлылығының кесірінен қаза тапқан бұл өмірге сынақ үшін келген пенденің бейнесі.

       Пенде болған соң өмірдің алдамшы ләззаттарына беріліп, дүниенің қызығына батып кететін сәттер болады. Ондай кезде көкірегіміз көрсоқыр болмақ, себебі мына өмірге тек сынақ үшін келген Алланың жай ғана бір құлы екенімізді, жасаған іс-әрекеттеріміз бен амалдарымыз үшін сұралатынымызды ұмытып кетіп жатамыз.        

       Сондықтан бізге берілген аз ғана ғұмырымызды сынақ деп қабылдап, немқұрайлылық пен бейқамдыққа салынбағанымыз жөн.

 

 Ұқсас материалдар

 

0 пікір