Әдеп деген тәж
Әдеп деген тәж
11.12.2015 10:42
2869
0

Әдеп – көркем мінездің ең биік шыңы. Оған титтей де талас жоқ болуға керек. Жалпы жетілмеген адамды ихсан сезімімен кәміл адам дәрежесіне көтеріп, Алла алдында әдепті қылу – әдептің ең кәмілі. Бұдан соң Алла елшісі (с.а.с.) әдепті болуы тиіс. Хақ Тағала Хұжурат және басқа да сүрелерде мүминдерге Алла елшісіне (с.а.с.) әдепті болуды бұйырды. 

Бұл әдеп ұстазға, әке-шешеге, мүминдерге және де осылайша жалғасып, бүкіл жаратылысқа бағытталады. 

Сүфян әс-Сәури (қ.с.): 

- көркем мінез Алла Тағаланың қаһарын қайтарады, - дейді. 

Ибн Аббас (р.а.): 

- Әдептіліктің басы – молшылықта да, таршылықта да Алла Тағаланың әмірлеріне бойсұну және тыйымдарынан аулақ тұру, - деген. 

Халық арасында мынадай нақыл бар: 

- Үш қасиет бар. Бұл үш қасиетке ие болған адам қор болмайды. Оларға:

1.  Көркем мінез-құлыққа ие болу;
2. Әдептілермен бірге отыру;
3. Басқаларды ренжітіп алмайын деген уайыммен жүру.
 

Олай болса, әдепті болмақ қандай жақсы деудің өзі аз, ол адам біткеннің ең биік шыңына шыққан, һәм пенделік мұқым-мүлде таза адам. Басқаша айтқанда, сол әдептіліктің әдемі әдібі өз тағдырыңыздағы киген тәжіңіз немесе Алланың алдындағы мәртебеңіз десе болғандай!..

0 пікір