Адамның әлсіз тұстары
Адамның әлсіз тұстары
23.08.2019 10:24
7556
0

        Адам – қыр сыры ашылып бітпеген жұмбақ жаратылыс. Ал өмір – адамның өзін-өзі танып білуге берілген мүмкіндік. Мұқият қарасақ, пенденің бойынан екі түрлі нышан байқаймыз. Олардың бірі хош иісті гүлге, екіншісі тікенді арамшөпке ұқсайды. Олардың қайсысын өсіреміз десек те еркімізде: иманды, турашыл, намысқой, әділ т.б. жақсы қасиеттерге ие болу арқылы жақсы жағымызды, бұзақылық, бүлікшілдік, сатқындық, тәкаппарлық сияқты жаман қасиеттерді іске асыру арқылы нашар жағымызды дамытамыз.             Адамның жақсы қасиеттерімен бірге кемшіл тұстарының болуы заңдылық.

       Бүгін біз қасиетті Құран аяттарының негізінде адамның бірқатар әлсіз тұстарын айтып өтпекпіз. Алла олардан баршамызды сақтасын: 

–       Сабырсыз. Кез-келген істе, қандай жағдай болмасын асығыс шешім қабылдайды және барлық нәрсе тез әрі оңай жолмен бола салғанын қалайды. «Адам баласы кейде жамандықты тура (бейне бір) жақсылықты тілегендей тілейді. Расында, адам баласы (алды-артын аңдамайтын) тым алып-ұшпа (сабырсыз)!» («Исра» сүресі, 11-аят).

–       Пайдакүнем, қанағатсыз. Жеген әрбір үзім нанымыз бен бір жұтым суымыз Жаратушымыздың бізге берген нығметі екенін ұмытпағанымыз жөн. «Алланың өзіңе нәсіп еткен осынау байлықпен ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге тырыс» («Қасас» сүресі, 77-аят).

–       Шүкірлікті ұмытушы. «Теңізде, қандай да бір қиын-қыстау жағдайға тап болғандарыңда сендерге бір Алла ғана жәрдем етеді. Өзге құдай тұтып, жалбарынып жүргендеріңнің бәрі де ғайып (яғни, сендер үшін ұмыт) болады. Алайда Алла сендерді апаттан құтқарып, құрлыққа дін-аман жеткізген кезде түк болмағандай Одан сырт айналасыңдар. Міне, адам баласы сондай рақметі жоқ жаратылыс» («Исра» сүресі, 67-аят).

–       Сараң және дүниеқор. «...шынтуайтында, сендер жетімді елеп ескермейсіңдер, жақсылық жасамайсыңдар. Бір-біріңді міскіндердің қарнын тойдыруға құлшындырмайсыңдар. Адал, арам демей (өздеріңе немесе өзгелерге тиесілі ) мұраны жейсіңдер. Мал-дүниені өлгенше жақсы көресіңдер әрі үйіп төгіп жинайсыңдар» («Бәләд» сүресі, 17-20-аяттар).

–       Күншіл және қызғаншақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызғаншақтықтың зияны жайлы: «Күншілдіктен (қызғаншақтықтан) сақтаныңдар, себебі ол отта жанатын ағаш секілді, барлық жақсы істер мен амалдарды жойып жібереді» - деген.

       Міне, сондықтан да Алла бізге әлсіз тұстарымыз бен нәпсімізді жеңіп тура жолда жүруді нәсіп етсін.

   Әртүрлі   

Қадір түні мың айдан қайырлы
Күн көзінен қорғанудың жолдары
Дінді дамытудағы ақын-жыраулардың ролі
Сатылмайтын сағат...
Ажал құштырған бейқамдық
Адам ұйқысыз өмір сүре ала ма?
БАЛАНЫҢ ІШТЕН АЙТҚАН РЕНІШІ
Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Жетімнің монологы
Ішің өтірік айтады
Нәпсi аждаһа
Жоғалған әмиян
Таңертең ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?
Құрандағы насих мәселесі
Қиямет қашан болады?
Бәраат түні
Жаман ойлардан қалай арыламыз?
Жәннатқа жетелеген дұға
Бейбарыс сұлтанның ерекше шешімдері
Білім тарату - әркімнің міндеті
Үлкен өмір...
Қиыншылықтар бізге қайдан келеді?
Жұмаққа кіре алмайтындар
ТОПЫРАҚ БОЛ, ГҮЛ ӨССІН
Миғраж түні
Cуицид (өз-өзіне қол жұмсау)
Құран қиссалары жайында
Мисуактың маңызы
Бас мүфти: «Отан – қасиетті ұғым, қастерлі сөз»
«Мүгедек» қыз
Алла қандай құлдарын сүйеді?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиған неке
Алла разылығы үшін жақсы көру
Дұға жасаушыға кеңес
Жас қазақтың мақсаты – «Googlе»-ға басшы болу

Адам неге жалаңаш жаратылған?
Тақуа құлдың бір күні
Дінде өзіңнен жоғарыға, дүниеде өзіңнен төменгіге қара
Мұны не үшін айтқанымды өзің ойлан...

Барлық дертке ем дәрі
Бисмилла сөздің бастауы (термеден үзінді)
Мойнымда бар бес парыз ( термеден үзінді)
Таңғы және кешкі дұғалар
Телефонға да тектілік керек

0 пікір