Адам неге жалаңаш жаратылған?
Адам неге жалаңаш жаратылған?
29.08.2019 08:44
5885
0
Асылбек Әуезханұлы

Терме-толғауларды еттен өткізіп, сүйекке жеткізіп жырлаған әйгілі термеші Майлықожа өлеңдерінің бірінде былай деп толғапты:
Ағаш сұлу көрінбес,
Сыртында қабық болмаса.
Кілем сұлу көрінбес,
Бетіне кесте оймаса.
Осындай тұспал нақылды
Есіткен халық ойласа!
Осы шумақты бір тыңдаған адам ағаштың қабығы мен кілемнің кестесін неге айтқан деп ойлауы мүмкін. Бірақ, байыбына барып қараған адам бұл сөздің астарында үлкен тәрбиелік, рухани, діни, табиғи мән жатқанын аңдайды. Адамның жайын табиғатпен, қолөнерімен астастыра бей-нелеген осы бір шумаққа ақиқат дініміз тұрғысынан кел-мекпіз. Көктем мезгілі келіп, адам баласы, әсіресе әйел заты өз киімдеріне өзгеріс енгізе бастаған уақытында бұл зерттеудің пайдасы болар де-ген үміттеміз.
Ақиқат көзімен зер салсақ, Алла тағала жер бетіндегі барша ағашты қабығымен, ал мал жануарларды терісі, жүнімен, яғни дайын киіммен жаратқан. Қарап отырсақ, бұл дүниеде жалаңаш туылып, үстіне киім киетін бір ғана жаратылыс бар. Ол – адам. Ал оның өзге мақұлықтар арасындағы ең көркемі, ең ардақтысы, ең ақылдысы, ең саналысы бола тұра, дайын киіммен жаратылмауының мәні неде деген сұрақ тууы мүмкін.
Біздіңше, мұның ең бірінші себебі – адамның жер-жаһанға билік жүргізетін қожайын ретінде жіберілуі. Алла тағала бүкіл табиғатты адам игілігіне жаратқан. Сондықтан мал терісін илеп кисе де, мақтадан жіп иіріп, мата жасаса да, адамның өз еркінде. Ендеше, адам баласы ақыл-санасын пайдаланып, табиғаттан киім өндіреді, сол арқылы жер бетіне қожайын екенін бүкіл жаратылыстарға паш етеді.
Екіншіден, адамның жала-ңаш туылуы – өте үлкен сынақ, емтихан. Кез келген адам алғашында ата-анасынан тап-таза парақтай пәк күйде туы-лады. Содан соң, өз аяғына тұрып, өз қолы аузына жетіп, есі кірген кезден не өз санасымен, не ата-анасының нұсқауымен үстіне киім кие бастайды. Бұл – адам табиғатының талабы. Ал балиғат жасына толған кезден бастап, ер үшін де, қыз бала үшін де бұл сынақтың мәні артады. Себебі, Алла тағала ер адам мен әйел адамды бірі-бірінің жалаңаш денесіне қарағанда сүйіспеншілігі мен қызығушылығы қозып, жер бетінде ұрпақ көбейтуге пейілді болсын деп жаратқан. Бұл қызығушылық болмаса, ерлер әйелдерге қарамай, ұрпақтар жалғастығы тоқтар еді. Бірақ, керек емес жерде осы қызығушылық оянып кетпеуі үшін Алла Тағала өз құлдарына адам көзін тартатын әурет жерлерін жабуды бұйырған. Бұл бір. Екіншіден, ұрпақ көбейтуге құмарлық сезімі ер адамға кез келген әйелден емес, өзінің ақ некелі адал жарынан ғана перзент сүюі үшін берілген.
Ал егер адамдар жалаңаш, анадан туылған қалпында көшеде жүрер болса, онда адам табиғаты мен Алла шариғатының осы ережесі бұзылар еді. Кез келген еркек кез келген әйелдің денесін көріп, құмарлығы ояна беретін болса, адам секілді емес, өзге мал-жануарлар сияқты ұрпақ көбейту үдерісі басталып кетер еді. Сондықтан екі дүниенің иесі, барша адамның жаратушысы, шексіз білім иесі Алла тағала мүмін еркектерге де, мүмін әйелдерге де көздерін бөтенге салудан қатаң тыйған. Міне, осы тұрғыдан келсек, киілген киім адамды тек суықтан, қар-жаңбырдан қорғайтын құрал ғана емес. Киімнің осы айтылғандай иләһи хикметі мен мақсаты да бар.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деді: «Жалаңаш жүруден сақ-таныңыздар! Өйткені, сендер табиғи қажеттеріңді өтеп немесе адал жарларыңмен бірге болған кездеріңнен өзге уақытта сендерден бір елі қалмайтын бақылаушы періште бар. Содан ұялыңдар, соны құрметтеңдер».
Ал тарихқа көз жүгіртсек, со-нау алғашқы Адам атамыз бен Хауа анамыз өздерінің жала-ңаш екенін сезген сәтінен бас-тап, денелерін жабуға кіріс-кен. Алла оларға киім жаратып қана қоймай, оны қалай кию керектігін де үйретті. Олай бол-са, Майлықожаның «ағаш қа-бығымен сұлу» деген ойының астарында «адам киімімен сұлу» деген пайым да жатқаны анық.
Ал енді киімді ұятпен, абыроймен байланыстыратын ғалымдар баршылық. Дінімізде ұят – иманның бір бөлігі саналады. Ұят кеткен жерде иман да ұзақ тұрмай, ол да кетеді. Қасиетті Құранда: «Ең жақсы киім – тақуалық киімі», – деп бекер айтылмаған. Абай көп оқыған Сопы Аллаярдың айтуынша, әйелдердің тәнінде сұлулық қандай орын алса, рухында ар-намыс дәл сондай орын алады. Сондықтан ұят дегеніміз – адамның өз әурет жерлерінің ашылып қалмауын қадағалауы, шариғатымыз тыйым салған істерін біліп-білмей жасап қоюдан сақтану болса керек.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні шалбарсыз, тыр жалаңаш күйде шомылып жатқан адамды көріп қалады. Сосын артынша мінберге шығып былай дейді: «Шын мәнінде, Алла Тағала ұятты, ұяттыларды жақсы көреді. Жуынғысы келген адам жұрт көзінен жасырынсын», – деді.
Сөзімізді жинақтай келе Алладан тілеріміз, үстімізден еш уақытта тақуалық киімі сыпырылып, түспесін! Қызымыз арлы, еріміз намысты, еліміз ұятты болуын жазсын!

Әртүрлі

Қадір түні мың айдан қайырлы
Күн көзінен қорғанудың жолдары
Дінді дамытудағы ақын-жыраулардың ролі
Сатылмайтын сағат...
Ажал құштырған бейқамдық
Адам ұйқысыз өмір сүре ала ма?
БАЛАНЫҢ ІШТЕН АЙТҚАН РЕНІШІ
Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Жетімнің монологы
Ішің өтірік айтады
Нәпсi аждаһа
Жоғалған әмиян
Таңертең ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?
Құрандағы насих мәселесі
Қиямет қашан болады?
Бәраат түні
Жаман ойлардан қалай арыламыз?
Жәннатқа жетелеген дұға
Бейбарыс сұлтанның ерекше шешімдері
Білім тарату - әркімнің міндеті
Үлкен өмір...
Қиыншылықтар бізге қайдан келеді?
Жұмаққа кіре алмайтындар
ТОПЫРАҚ БОЛ, ГҮЛ ӨССІН
Миғраж түні
Cуицид (өз-өзіне қол жұмсау)
Құран қиссалары жайында
Мисуактың маңызы
Бас мүфти: «Отан – қасиетті ұғым, қастерлі сөз»
«Мүгедек» қыз
Алла қандай құлдарын сүйеді?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиған неке
Алла разылығы үшін жақсы көру
Дұға жасаушыға кеңес
Жас қазақтың мақсаты – «Googlе»-ға басшы болу

0 пікір