АДАЛ ТАБЫС ҮШІН ЕҢБЕКТЕНУ
АДАЛ ТАБЫС ҮШІН ЕҢБЕКТЕНУ
28.09.2021 11:33
205
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кісінің тірі кезінде бір дирһам садақа беруі, өлім аузында жатқанда жүз дирһам садақа беруінен әлде қайда қайырлы». («Сүнән Әбу Дәуід»)

Табиғин Ағмаш (р.а.) Әбул-Мұхариқтан (р.а.) былай риуаят еткен: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларымен бірге отырғанда жандарынан ағраби жас жігіт өтті. Әбу Бәкір мен Омар (Алла олардан разы болсын) былай деді:

«Шіркін! Мына жігіт жастық шағы мен күшін Алла жолында жұмсағанда сыйы өте мол болар еді».

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді:

«Егер бұл жігіт қартайған анасын, әкесін немесе бала-шағасын адамдардың қолына қаратпау үшін жұмыс істесе не өзі адамдарға мұқтаж болмау үшін жұмыс жасаса демек Алла жолында. Ал мақтаныш пен атақ үшін жұмыс істесе шайтанның жолында». 

Хикметті кісіден: «Табыстың ең қайырлысы не?» деп сұрағанда ол: «Дүниелік табыстардың ең қайырлысы адамдарға мұқтаж болмау үшін адам табыс үшін жұмыс істеу. Ол табыстан құлшылығына жететінін алып қалғанын Алла жолында жұмсап, қиямет күні үшін дайындық жасау. Ақырет табыстарының ең абзалы амал ететін ілім үйрену және оны үйрету. Ізгі амалдар жасап келешекке қалдыру, ізгі жол салып, оны жалғастыру» деп жауап берді.

«Табыстардың ең жаманы не?» деп сұрағанда былай жауап берді: «Дүниелік табыстардың ең жаманы арам мал жиып, жамандыққа жұмсау және ол малды Аллаға қарсы күнәкар мұрагерлеріне қалдыру. Ақырет табыстарының ең жаманы бос қызғанышпен ақиқатты мойындамау, күнәларды ұдайы жасап ақыретке жаман амал жіберу. Жаман жол салып, оны жалғастыру».

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

•    Мәселе туындамай, шешім түйінделмейді.

•    Ат қиналмай жол таппас.

•    Батылдық — бақыттың жартысы.

0 пікір