ӘБУБӘКІР ХАЗІРЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ (1855-1932)
ӘБУБӘКІР ХАЗІРЕТ  ЖҰМАБАЙҰЛЫ   (1855-1932)
16.01.2021 19:32
161
0

1855 жылы қазіргі Аққулы ауданы, Малыбай аулы (бұрыңғы 11-ауыл)-да туған. Əбубəкір хазірет қасиетті дініміздің шариғатын берік ұстанған, өз заманның көрнекті діни қайраткері болатын. Мекке-Мединеде 7 жыл жүріп, оқып  келген.

Руы уақ ішінде Мақар. Қазіргі 23-совхоздың 3-фермасының жанында (қазіргі Аққулы ауданы, Шабар аулы) мешіт-медресе ұстаған. 1930 жылдың күзінде оны Павлодардың ақтүрмесінде қамап, бір жарым жылдай ұстағаннан кейін шығарады. Бірақ екі жылдан соң, яғни  1932 жылы Əбубəкір хазірет қолына кісен салынып, тұтқындалады. Соңынан, үштіктің үкімімен  жазаның ең ауыры – ату жазасына кесіледі.

 

 

 Аққулы ауданы, Шабар аулындағы  Әбубәкір хазіретттің мешіт,

медресе ұстаған жұртына  орнатылған ескерткіш

 

0 пікір