А.БАЙТҰРСЫНОВ: Н.Қ. ХАНЫМҒА
А.БАЙТҰРСЫНОВ: Н.Қ. ХАНЫМҒА
06.02.2020 10:16
3079
0

Рақатсыз өтсе де өмір жасым, 
Бұл жөнімнен Құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым!


...Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары - көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.


Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін!..

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

0 пікір