АБАЙҒА КӨҢІЛ АЙТУЫ
АБАЙҒА КӨҢІЛ АЙТУЫ
21.05.2020 15:21
490
0

Қазақтың дана, тегі асыл екенін дәлелдейтін оқиға.

Абай атамыз аяулысы Әбіштен айрылып, қан жұтып отырғанда, найманның бір топ баласы көңіл айтуға келеді. Сонда байжігіт руының мырзасы Тана былай депті:

«Абай, өзіңіз де талайды жұбатып ақыл айтқан едіңіз. Алладан әмір келсе, тасың тұрмақ асқар тау құлар, Алладан әмір келсе кәрің тұрмақ, жас сұлар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Өлмейтін өмір, сынбайтын темір жоқ.

Аққу ұшып көлге кетті,  ақсұңқар ұшып шөлге кетті. Әбіш ешқайда кеткен жоқ, «адамзат» баласының барлығы дерлік баратын жерге кетті. Хан қайғы жұтса да, қайғысын елге білдірмес -деген.

 Біз сізге көңіл айтып, жұбатқалы деп келіп отырмыз, біздің келуіміз сізді жылату емес, уату. Өзіңіз айтқан екенсіз: "Расулды алған бұл өлім, кімнен жөнді сұрайды?", -депсіз. Сабыр етіңіз, Әбіш сынды аяулы, білімді баладан айрылу сіз үшін тұрмақ, адам қадірін білетін жандар үшін үлкен қайғы, орны толмайтын аза»-дей келіп, көзіне ыстық жас алған екен дейді.

 Содан қазақтың асылы, жауһары Абай басын көтеріп келгендердің сәлемін алған деседі.

 

0 пікір