Зекеттің пайдасы мен хикметі
Зекеттің пайдасы мен хикметі
06.05.2015 15:48
5418
0
Ислам ғылымхалы

Зекет – Исламның көпірі 

       «Зекет» - араб тілінен аударғанда «көбею, өсу, тазару» дегенді білдіреді.  Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін зекет ретінде беруге міндетті.

       Құран мен хадисте зекет атауы кейде садақа сөзімен бір мағынады қолданылған: «(Мұхаммед (с.ғ.с.), олардан садақа ал, сол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің».

       Шайтан адамның көңіліне: «Егер зекет берсең, өзің аш-жалаңаш қалып, қиналасың» деп қорқыныш салады. Бұл жайлы хадисте: «Садақасы берілген малдан еш нәрсе азайған емес»,-деп, зекет берудің кедейлікке жол ашпайтынын білдірген.

 Зекеттің пайдасы мен хикметі 

  1. Зекет берудегі басты мақсат – өзіне берілген нығметті пенденің сезінуі әрі соған шүкір етуі. Бұл дүниеде Алла тағаланың әр құлына сынақ ретінде берер ырыздығы әр түрлі. Біреулер балқып-шалқып өмір сүрсе, енді біреулер кедейлік тауқыметінен бас көтере алмай жатады. Бақыттың кілті байлық болмағаны сияқты, кедейлік те бақытсыздыққы себеп емес.
  2. Зекет әр түрлі апаттан, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан сақтайды.  Мүміндер арасында өзара сүйіспеншілік пен бауырмалдықты күшейтеді.
  3. Зекет – кедейлердің тұрмысын оңдауына, өмірден түңілмей әрі қарай тіршілік етуіне жәрдемдесуді қаматамасыз ететін ғибадат.
  4. Зекет – мүминді өзімшілдік пен сараңдықтан, дүниеқоңыздықтан айықтырып, қолы ашық жомарттыққа, кішіпейілдікке тәрбиелейді. Өйткені адам баласының жаратылысында байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық, байлықтың буына мастанып, тәкаппарлану сияқты жағымсыз әдеттер бар. Зекет осы тәрізді рухани кеселдердің бірден бір емі.
  5. Зекет қоғамның бірлігін, тұтастығын сақтайды.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Зекет – Исламның көпірі» дейді.

       Cондай ақ, дінімізде зекеттен басқа да пітір садақасы, құрбан шалу, нәпіл садақалар сияқты көптеген ізгі амалдар бар. Бұл – сауапқұмар  жандар үшін керемет мүмкіндік.

0 пікір