Зекеттің маңызы мен пайдалары
Зекеттің маңызы мен пайдалары
05.11.2018 09:45
440
0

Исламның бес парыздарының біреуі зекет беру деп аталады. Алла ризалығы үшін бөлініп берілген мал-мүліктің «зекет» деп аталуы артта қалған мал-мүлікті рухани кір мен ластан арылтып, оны түрлі деңгейлерде көрініс табатын келеңсіздіктерден қорғауынан еді. Оны қасиетті Құран Кәрімде «Тәубә» сүресінің 110 -аятында Алла Тағала былай дейді: «Ей, Пайғамбарым! Олардың малынан садақа ал да онымен оларды тазартып, молықтыр, оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұған олар үшін жұбаныш. Аллаһ бәрін естуші де білуші».

Сондай-ақ зекет ғибадатын берген адамды күнәдан арылтып, қалған мал-мүлкін әртүрлі жаманшылықтардан қорғайды және ол адамның рухани мәртебесін көтереді.

«Зекет» сөзін араб тілінен аударатын болсақ берекет, тазалық, өсу, көбею, арту және мақтау мағыналарын білдіреді. Ал шариғатта термин ретінде, белгілі деңгейдегі мал-мүліктің белгілі бір бөлігін Алла Тағалаға белгілеген кейбір мұсылмандарға мүлік етіп беру мағынаны білдіреді.

Зекет муминдердің Алла Тағаланың әмірлеріне бас ию тұрғысындағы садақаттарын көрсеткені үшін садақа деп аталған. Сонымен қатар «садақа» сөзі «зекет» сөзінен де кең мағынаны қамтып, уәжіп пен нәпіл түріндегі қайыр істерінді білдіреді.

Қоғамның санаттары мен сатыларға бөлінуінде маңызды орындағы байлық пен кедейлік бір-біріне қарама-қайшы екі іршілік жағдайы. Байлық пен кедейлік сияқты бір-біріне қарама-қайшы мүмкіндіктерге ие болу сынақ мақсатында иләхи тағдырдың нәзік әрі терең хикметтерін қамтиды. Байлық атақ-абырой емес, ал кедейлік қорлық емес. Бұлар толығымен құдайы бөлу және тағдырдың хикметі мен сынақтың іс жүзіндегі көріністері.

Қасиетті Құран Кәрімде «Зухруф» сүресінің 32-аятында Алла Тағала былай дейді: «Олар Раббының рахметін бөліп бере ала ма? Біз олардың дүние тірлігіндегі ризықтарын бөліп бердік. Бірін-бірі басқарып бағындырсын деп, біреуінен біреуінің дәрежесін артық қылдық. Олардың жиған-тергендерінен Раббыңның рахметі қайырлы».

Бұл аят баяны бойынша адамзат арасындағы үлестіруде айырмашылықтар бар. Бірақ жауапкершіліктерді соған қарай белгіленіп, қоғамдық деңгей ең кәміл түрде құрастырылған. Мысалы, дәулет иесі адамдардың байлықтарына сеніп, соның арқасында істей алатын азғындықтарына кедергі болу, сондай-ақ жарлы-жақыбайлар мен мұқтаждардың да байларды қызғанып, оларға кек сақтау сияқты жаман бейімделулердің пайда болуын бөгеу үшін, сөйтіп қоғамдық өмірді қорғау және оларды бір-біріне сүйіспеншілікпен байланыстыру үшін зекет парыз қылынған.

Ислам қоғам тәртібінде бай мен кедей арасындағы деңгей мен сүйіспеншілікті қамтамасыз ету үшін зекет және садақа беру ғибадаты өте маңызды орын алады.

Бай кісі мал-мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағаны жайында, яғни халал немесе харам табыстарынан және зекет, садақа қайырға жұмсау сияқты істеріне Алла алдында есепке тартылады. Осыны біз мұсылмандар ұмытпау керекпіз. Ол дәулетінің белгілі бір бөлігін кедейлерге беруге міндетті болып, байлығы тұрғысынан үлкен сынақта. Сондай-ақ басқа қушылық міндеттерімен қатар осы зекет деген сынақтан табыспен өте алса, Аллаһтың ризалығына бөлініп, жәннәттағы игіліктерге қол жеткізеді.

Кедей адам да жоқшылыққа сабырлы не сабырсыздығы, разы не наразылығы, адамдарға мысал болуы, қажет жоқ сұраныстары, өштігі, қызғанышы мен өзінің әлсіз жағдайына разы болмай, Аллаһқа қарсы келу сияқты жағдайлармен бірге мінез-құлқы мен ар-намысын сақтағаны не сақтай алмағаны тұрғысынан есепке тартылады. Егер есептің қортындысы Аллаһтың разылығы болып шықса, оның дүниедегі мақрұмдығы мен тартқан қиыншылығы мәңгілік ахірет бақытына айналады.

Зекет Құран Кәрімде жиырма жеті жерде намазбен бірге айтылады. Осынша көп аталуы оның маңыздылығының белгісі. Тек бір жерде ғана намаз зекеттен бөлек аталады. Сонда да намаз оқығандардың зекет берушілер екені баяндалады. Мұның себебі дене арқылы істелетін және мал-мүлік арқылы істелетін деп екіге бөлінген ғибадаттарда  осы екеуінің, яғни намаз бен зекетін бірінші орында әрі тең бағалы болғандықтан. Негізінде амалдар бір-бірінен бөлек, яғни біреуінің орындалмауы орындалған ғибадатты жоймайтынымен, зекетсіз намазы жоқ үкімде саналатындағы Пайғамбар Мұхаммедке осы Құран аят түсіп белгіленген. Пайғамбарымыз былай деген: «Намаз оқыса да зекет бермеген адамның намазы жоқ деп айтуға болады».

Сондықтан құрметті ағайын мұсылмандар! Осы зекет беру жолын ұмытпау керекпіз. Кім де кім ислам жолын толық жасаймын десе садақа мен зекетті Алланың жолында беруге асығады.

Ал қасиетті Құран Кәрімде «Ибраһим» сүресіннің 7- аятында Алла Тағала былай дейді: «Егер сендер шүкіршілік етсендер, сөзссіз, Мен сендерге берген игіліктерінді қайткенде де арттырамын. Ал күпірлік қылсандар, сөзссіз Менің азабым беп қатты». 

 

Қайырбеков Нұрлан  

қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы

Тлеубаев Қанат

ҚМДБ «Зекет» қорының Павлодар облысы бойынша өкілі

0 пікір