Зекет бергендерге – ақыретте сый
Зекет бергендерге – ақыретте сый
08.05.2015 19:13
2744
0
Ислам ғылымхалы

        Көптеген аяттар мен хадистерде зекетін берген мүміндерді ақирет күні Жаратушымыздың мол сый-сияпатқа кенелтетіні айтылған.

       Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала: «Шындығында, тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады. Олар өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар бұдан бұрын жақсылық істеуші еді. Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Олар тәң сәріде кешірім тілеуші еді. Олардың малдарында сұрағанға да, сұрамағанға да тиесілі үлес бар» -деп, зекет берушілердің бұл дүниедегі жақсы ісінің жемісін ақиретте беретінін баяндаған.

       Ал, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мұқтаждарға көмектесіп, байлығының зекетін бергендерге періштелердің дұға тілейтіні айтылған: «Күн сайын пенделер ұйқысынан оянған уақытта екі періште түсіп, оның біреуі: «Я, Раббым! Жақсылыққа жұмсаушының жұмсағанын есесімен қайтар» десе, екіншісі: «Уа, Раббым! Сараңды шығынға ұшырат»- деп тілейді».

       Демек, бұл дүниеде кедей-кепшіктерді қуантып, алғысын алған адамға періштелер де игі тілеу тілейді екен.

 Бес парыз
Қажылық
Намазыңызды бастау үшін
Алла Тағалаға иман
Ораза
Зекеттің пайдасы мен хикметі

 

 

 

0 пікір