Тауардың зекеті
Тауардың зекеті
06.04.2015 18:12
3833
0

Ақ­ша­ның зе­ке­ті

    Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) дәуі­рін­де қа­зір­гі­дей қа­ғаз ақ­ша емес, ди­нар (ал­тын ақ­ша) мен дир­һам (кү­міс ақ­ша) қол­да­ныл­ған­дық­тан, қазіргі қа­ғаз ақ­ша­ның зе­кет ни­са­бын бел­гі­леуде ал­тын мен кү­міс не­гіз­ге алы­нып есеп­те­ліп отыр. Ал­тын­ның ни­са­бы – 85грамм. Егер бел­гі­лі бір адам­ның ақ­ша­сы­ның құ­ны кем де­ген­де 85 грамм ал­тын­ның құ­ны­на тең кел­се, ол кі­сі­ге жал­пы ақ­ша­сы­ның қы­рық та бі­рін зе­кет ре­тін­де бе­ру – па­рыз. Ақ­ша­сы­ның мөл­ше­рі ни­сап кө­ле­мі­не жет­пей, иелі­гін­де­гі ал­ты­нын не­ме­се сауда зат­та­рын қос­қан­да же­те­тін бол­са, зе­кет бе­рі­ле­ді.

 Ал­тын­ның зе­ке­ті

    Жо­ға­ры­да ал­тын­ның бел­гі­лен­ген ни­сап мөл­ше­рі – 85 грамм де­дік. Мі­не осы 85 грамм ал­тын­нан 2.125 грамм зе­кет ре­тін­де бе­рі­ле­ді. Бұл – 2,5%, яғ­ни, 85 грам­ның қы­рық та бі­рі де­ген сөз.
    Әли (р.а.) риуаят ет­кен ха­дис­те Пай­ғам­ба­рымз (с.а.у.) ал­тын­ның ни­сап мөл­ше­рін бы­лай деп біл­ді­ре­ді: «Ал­тын­нан жиыр­ма ди­нар­ға жет­пейін­ше зе­кет алын­байды. Се­нің жиыр­ма ди­нар ал­ты­ның бо­лып, оған бір жыл ай­нал­майын­ша зе­кет бе­руің мін­дет емес».
    Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, 85 грам­нан ас­қан мөл­шер­ден 17 грам­ға жет­пей, зе­кет алын­байды. 17 грам­нан ары қа­рай қы­рық та бі­рі зе­кет ре­тін­де алы­на­ды. 85+17 грам­нан 2,550 грамм ал­тын зе­ке­ті бо­лып алы­на­ды. Бі­рақ 17 грам­ға жет­пей­тін ал­тын­ға иелі­гін­де­гі бас­қа зе­кет мал­да­рын, мы­сал­ға, ақ­ша­ны қос­қан жағ­дайда ни­сап кө­ле­мі­не же­тіп жат­са, зе­кет бе­рі­ле­ді. Ал бұл мә­се­ле­де Имам Мұ­хам­мед пен Әбу Юсуп­тың пі­кі­рі­не сүйен­сек, 85 грам­нан ас­қан ал­тын­нан 17 грамм мөл­ше­рі­не жет­сін-жет­пе­сін қы­рық­та бі­рі зе­кет­ке алы­на­ды.
    Егер ал­тын­нан жа­сал­ған зат­тар мен бұйым­да­ры ни­сап кө­ле­мі­не же­тіп жат­са, зе­ке­ті мін­дет­ті түр­де бе­рі­луі тиіс. Атал­мыш зат­тар­дың зе­ке­тін екі түр­де бе­ру­ге бо­ла­ды. Ал­тын­дай не­ме­се бас­қа зе­кет мал­да­ры­нан. Егер ал­тын­дай бер­се, бұйым­ның сал­ма­ғы өл­ше­ніп, қы­рық та бі­рі бе­рі­ле­ді. Ал бас­қа зе­кет мал­да­ры­нан бе­рі­ле­тін бол­са, бұйым­ның сал­ма­ғы­на қа­рай емес, ба­ға­сы­на қа­рай бе­рі­ле­ді.
    Бас­қа кен­дер­мен ара­лас­қан та­за емес қоспа ал­тын­ның (мағ­шу­шун) зе­ке­ті жайын­да Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры­ның әр түр­лі пі­кір­ле­рі бар. Ха­на­фи мәз­һа­бын­да ал­тын­ның кө­ле­мі бас­қа кен­дер­ден ба­сым не­ме­се тең бол­са, бар­лы­ғы ал­тын деп есеп­те­ліп, со­ған қа­рай зе­ке­ті бе­рі­ле­ді. Ал, Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да бас­қа кен­дер­ден тыс та­за ал­тын­ның сал­ма­ғы ни­сап мөл­ше­рі­не жет­пей зе­кет алын­байды.                                                                                                                                                        

Кү­міс­тің зе­ке­ті

   Кү­міс­тің ни­сап мөл­ше­рі – 200 дир­һам, яғ­ни, 595 грамм. Кім­де-кім­нің 595 грамм кү­мі­сі бол­са, оның қы­рық та бі­рін зе­кет­ке бе­руі – па­рыз.
   Әбу Са'д әл-Худ­ри­ден (р.а.) риуаят етіл­ген ха­дис­те Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) кү­міс­тің ни­сап мөл­ше­рін бы­лай деп біл­дір­ген: «Бес уқийе­ден аз кү­міс­тен, бес зауд­ден аз түйе­ден, бес уасқтан аз егіс­тік өнім­де­рі­нен зе­кет алын­байды». [1] Бес уқийе – 200 дир­хам­ға тең. Ибн Омар хазіреті Әли­ге: «Са­ха­ба­лар­дан кү­міс ни­са­бы­ның 200 дир­һам екен­ді­гі­не қар­сы шық­қан пен­де бол­ма­ды», – де­ген. 

Әше­кей зат­тар­дан зе­кет алы­на ма?

    Ха­на­фи мәз­һа­бын­да ал­тын­нан не­ме­се кү­міс­тен жа­сал­ған әше­кей жү­зік, сыр­ға, бі­ле­зік, ал­қа сияқ­ты зат­тар­дың сал­ма­ғы ни­сап кө­ле­мі­не же­тіп, бір жыл тол­са, зе­кет алы­на­ды. Ал Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да зе­кет алын­байды. Өйтке­ні, әше­кей зат­тар әйел адам­ның кә­дім­гі кие­тін киім­де­рі сияқ­ты же­ке тұл­ға­лық қа­жет­те­рі бо­лып та­бы­ла­ды. Әше­кей зат­тар­дан зе­кет алын­байды де­ген ға­лым­дар әше­кей кө­ле­мі­нің ор­та­ша бо­луын шарт­қа қо­су­да. Егер зе­кет­ті өте­меу ниеті­мен айла ре­тін­де әше­кей зат­тар­ды қо­ғам­да­ғы әйел­дер­дің қол­да­ны­ла­тын кө­ле­мі­нен ар­тық жи­на­са, олар­дан зе­кет алы­на­ды. Бұл мә­се­ле­де Ха­на­фи мәз­һа­бын не­гіз тұ­ту – ке­дей­лер­дің пайда­сы­на ше­ші­ле­рі анық.

Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы
"Ислам ғылымхалы" кітабынан

0 пікір