САДАҚА БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
САДАҚА БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
03.12.2019 11:47
199
0

Жомарттылық дінімізде ерекше орын алады  мақтаулы қасиеттердің бірі. Алланың разылығына жетелеп, дінде дәрежені көтеретін жақсы қасиеттердің бірі. Және де жомарт адам әр дайым халық арасында да сый құрметке ие болып жүрген және сый құрметке ие болып жүреді де. Енді садақа берудің артықшылығына келер болсақ Алла Тағала қасиетті құранда: «Алла жолында мал жұмсайтынның мысалы өсімдіктің ұрығы тәріздес оның жеті сабағы бар, әр сабағында жүз түйір жемісті ұрық бар. Алла кімге қаласа артқан сайын арта береді. Алла тым кең әр нәрсені білуші» («Бақара «сүресі, 261-аят).  Яғни сіз садақа бердіңіз ол жеті жүз есе болып қайтып келеді. Немесе одан да көп болып. Садақа беру бейне бір халал болған депозит тәріздес. Сіз ақшаңызды салдыңыз немесе біреуге бердіңіз ол ақша сізге белгілі бір уақыт өткен соң өскен түрде қайтып келді. Яғни бұл Алла Тағаламен болған депозит. Берілген садақа әуелі Алла үшін берілуі тиіс. Бірақ өсімін Алла  өзі береді.   

Құранда Алла Тағала: «Егер садақаларды кернеу берсеңдер, сонда ол қандай әйбет. Егер оны жасырын беріп әрі оны пақырларға берсеңдер, әрине сендер үшін сонда да жақсы. Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды. Сондай ақ Алла істеріңді толық білуші» («Бақар» сүресі, 271-аят).   

Кейбір сахабалар садақаны жасырын бергенді ұнататын. Кебір кісілер садақаны соқыр адамдарға беретін. Арнайы соқыр кісіні тауып алып беретін болған. Кейбір жомарт кісілер ұйқтап жатқан кісінің қалтасына тығып кететін болған. Басқа қолы ашық кісілер садақаны міскіннің жүретін жолына қойып өзі алыстан қарап отыратын болған. Сахабалар дәуірінде садақа алушыны ренжітіп алудан беріп жатқан садақасын міндетсінуден сақтанған. Алла Тағала бұл жайында: «Ей, мүминдер! Мал-мүлкін ел көзіне көріну үшін жұмсайтын, Аллаға, ақырет күніне сенбейтін адам сияқты, садақаларыңды міндетсініп, немесе ренжітіп беру арқылы текке жібермеңдер. Ондайлар бейне үстіне топырақ қонып, топырағы жаңбырдан кейін шайылып кеткен қатты жұмыр тасқа ұқсайды» («Бақара» сүресі, 264- аят).  Садақаны мал мүлкінің ең қымбаты ең жақсысынан берген абзал.

Қасиеті Құранда: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла оны толық біледі» («Әли Имран» сүресі, 92-аят).  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Расында Алла көркем, көркемдіктен басқаны қабыл етпейді». Яғни садақа ретінде ескі киюге келмитін киімді беру дұрыс емес.

Садақа бергісі келген адам Алла үшін ештемені аямай ең қымбатын өзі қимайтын дүниемен құрбан еткен абзал.  Садақа берген жан өз садақасын немесе сыйлығын шын ықласпен көңілкүймен берген абзал. Қабақ түйіп жақтырмай беру исламға жат қылық. Алла қасиетті Құранда айтады: «Мал-мүлкін құдай жолында жұмсағандар, соңынан оны міндетсінбегендер және алушыны ренжітпегендер Раббыларының алдында сауапқа ие болады, оларға қауіп-қатер, қам-қайғы болмайды» (Бақара сүресі 262 аят).   Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Бір дирхам жүз мың дирхамнан озыпты»,- дейді. Яғни қуанышпен шын ықыласпен шын жүректен берген бір дирхам, жақтырмай, міндетсініп, тәкаппарланып берген жүз мың дирхамнан артық дейді. 

 

Рахат АБИЛЬДАЕВ,

«Ақмешіт» мешітінің ұстазы

 

 

0 пікір