САДАҚА БЕРУ – ҮЛКЕН САУАП. АЛ КЕДЕЙ АДАМДАР НЕ ІСТЕЙДІ?
САДАҚА БЕРУ – ҮЛКЕН САУАП. АЛ КЕДЕЙ АДАМДАР НЕ ІСТЕЙДІ?
13.09.2021 12:07
1349
0

Сұрақ: Садақа беру – үлкен сауап. Ал кедей адамдар не істейді?

Жауап: Кедей мухажирлер (Мекке шаһарынан Мадинаға қоныс аударғандар) пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп шағымдарын айтатын. Бір күні Әбу Зар әл-Ғифари пайғамбарға келіп:

– Ей, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Байлық иелері бар сауапты жинап алды. Олар біз секілді намаз оқиды, ораза тұтады. Оған қоса олардың садақа беретін мүліктері бар, ал біздің ештеңеміз жоқ, – дейді.

Бұл нәрсеге пайғамбар (с.а.с.):

 Саған бір сөздерді үйретейін ба? Бұл нәрселерді айтар болсаң, осы сөздерді айтқандарды есептемегенде, сенен озып кеткендерді қуып жетесің, ал артта қалғандар саған жете алмайтын болады (сауап жайында), – деп ұсыныс айтады.

– Уа, Алланың елшісі үйретіңіз, – деген соң Пайғамбар (с.ғ.с.):

– Әр намаздан соң 33 рет «Субханалла» деп Алланы тасбих етесің, 33 рет «Әлхамдулилла» деп Оған шүкіршілік қыласың, 33 рет «Аллаһу акбар» деп Оны ұлықтайсың. Кейін «Лә иләһә илләллаһу уаһдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһәл һәмду уә һуә ғәлә кулли шайиң қадир» деп тәмамдайсың. Күнәларың теңіздің көбігіндей болса да, кешіріледі, – деп кеңес береді.

Біраз уақыттан кейін Әбу Зар мен басқа да кедей мұсылмандар пайғамбардың қасына келіп:

– Бай бауырларымыз біздің тасбих айтып жүргенімізді естіп, олар да солай істейтін болды, – деп шағымданады. Пайғамбар:

– Ол – Алланың сыйы. Оны қалағанына береді». (Мүслим, Әбу Дәуіт және Дарами)

Осылайша мұсылмандардың намаздан кейін жиі қайталайтын тасбихтары садақа болып табылады екен.

 

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 

0 пікір