ЖЕР ӨНІМДЕРІНІҢ ЗЕКЕТІ – ҮШІР
ЖЕР ӨНІМДЕРІНІҢ ЗЕКЕТІ – ҮШІР
10.08.2021 11:59
1323
0

Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Әй мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан (және адалынан), (Алла жолында) тиісті орынға жұмсаңдар. Ал, өздерің көздеріңді жұмып, әрең ғана алатын сапасыз нәрсені, Алла жолында беруді ойламаңдар. Біліңдер, Алла бай, мақтаулы». (Бақара сүресі, 267-аят)

Жер өнімдерінің зекеті; «үшір» - деп аталған. Үшір аят, хадис және ижмағ үмметпен парыз болған. Аят Кәрімде (мағынасы): «Әй мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан (және адалынан), (Алла жолында) тиісті орынға жұмсаңдар (зекет және үшір беріңдер). Ал және өздерің көздеріңді жұмып (ұнатпай) әрең ғана алатын сапасыз нәрсені Алла жолында беруді ойламаңдар. Біліңдер, Алла бай (берген садақаларың өздерің үшін), мақтаулы (Барлығы Аллаға хамд пен шүкір қарыздар)» - делінген.

Бір жер жаңбыр, жылға және өзен суымен суарылса егіннің онды бірі беріледі. Су қоймасы, суармалы канал, жануар арқылы немесе сатып алынатын су арқылы жыл бойы немесе жарты жылдан көп суарылса егіннің жиырмада бірі беріледі. Ұрық немесе басқа шығындар үшірден алынбайды.

Жер иесінің ақылды, балиғатқа толған, бай болуы шарт емес. Үшірде жер иесіне емес, шыққан өнім есепке алынады. Яғни жер иесі бала, жынды немесе кедей болса да үшір беруге міндетті. Алтын, күміс және сауда тауарларынан жылына бір рет зекет берілуі керек. Ал жерде жылына неше рет өнім алынса әрқайсысынан жеке-жеке үшір беріледі. Басқа мүлікте бір жыл толу шарты болғанымен егінде шарт емес. Бал, жаңғақ, күнжіт, фундук, фестачка, балқарағай жаңғағы, бадам, зәйтүн, мақта, емен жаңғағы, емен, зығыр дәні, шекер қамысы, шекер қызылшасы, шәй жапырағы, шалғынды шөп, тұт, насыбайгүл жапырағы, бидай, жүгері, күріш, ноқат, жасымық, асбұршақ, бұршақ (фасоль), пияз, сарымсақ, қауын, қарбыз, қияр, жүзім, інжір, алма, алмұрт, шабдалы, өрік сияқты әр түрлі өнімдерден және сұлы, сиыржоңышқа, бұршақ (горошок чёткообразный) сияқты жануар өнімдерінен үшір беріледі.  

Үшір берілген жүзім бағында жеміс ағаштары болса немесе бақшаның ішінде пияз, сарымсақ егілсе ол жеміс ағаштарынан және егіндерден үшір беріледі. Егістік жерінде екпесе де өздігінен шыққан өнімнен де үшір беріледі. 

Нақты айтқанда Имам Ағзам (рах.): «Егіндік жерден алынған өнімнің азында да көбінде де үшір – парыз» - деген.

0 пікір