БАЙ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
БАЙ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
29.04.2020 23:20
2857
0

Исламда кімнің бай, кімнің кедей екенін білу маңызды мәселелердің қатарына жатады. Алайда ғалымдардың бұл тақырыпта пікірлері бірдей емес. Ең алдымен Имам Ағзам бастаған ғалымдардың пікірінше, нисап мөлшеріндегі мал-дүниеге, яғни 200 дихрамға ие болған адам бай боп саналады. Бұл адамның біреуден зекет алуы – харам.

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хазіреті Муазды Йемен қаласына жіберген кезде зекетті байларынан алып, кедейлеріне бересің деген.

       Имам Шафиидің көзқарасы бойынша, өзінің кәсібі, табысы бар адам бір дихрамы болса да бай саналады. Ал жұмысы, арнайы кәсібі, табысы жоқ адам көп малы болса да кедей саналады.

       Тағы бір пікір бойынша, таңертең және кешке жейтін асы бар адам бай боп есептеледі.

       Абу Даудтың жинағында келген риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Таңертең және кешке жейтін асы болса, ол адамды бай дейміз» - деген.

       Тыби деген ғалымның сөзінше, жерге тамағы бар адам жұртқа алақан жайып, көмек сұрауы – харам.

       Бұл пікірлерге қарағанда, діни тұрғыдан бір адамды кедей не бай деп анық пішіп көрсету мүмкін емес.

       Шариғат ғалымдары зекетті алу, беру мәселесінде қажет болғандықтан байлық мөлшерін есептегенмен, Алла елшісі (с.ғ.с.) байлық мөлшерін адамның көңіліне, жүрегіне байланысты айтады. Нағыз байлық мал-дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес, нағыз байлық – адамдардың қолындағы байлыққа қызықпай, көңілінің тоқ болуы, қанағатшыл болуы.

 

0 пікір