AЛТЫН МЕН КҮМІСТІҢ ЗЕКЕТІ
AЛТЫН МЕН КҮМІСТІҢ ЗЕКЕТІ
07.04.2022 12:05
885
0

Aлтын мен күміс нәпақа, қажылық немесе үй сатып алу секілді бір қажеттілікке бөлінген болса да, нисаб мөлшеріне жеткен және бір жыл мерзім өткен болса, зекетке кіреді.

Aлтын не күмістен жасалған әшекей бұйымдар да зекетке жатады. Жеке алтын яки күмістің немесе иесінің зекетке тән басқа мүлкімен бірге нисаб мөлшеріне жеткенде зекетке кіреді. Олардың зекеті өзінен емес, басқа бір мүлікпен (мәселен, ақшалай) төленген жағдайда мөлшеріне (көлемі мен салмағына) емес, құнына қарайды. Бұл ортақ шешім. Ал өзінен берілген жағдайда, Имам Ағзам мен Имам Юсуфтың пікірінше, мөлшері есептеледі. Имам Зүфәр құнына, ал Имам Мұхаммед олардың қайсысы кедейлерге пайдалырақ болса, соған қарау керек дейді.

Aлтын мен күмістің және тауардың нисаб мөлшері соның өзінен болуы қажет емес. Mәселен, алтын мен күмістің немесе сауда тауарының жалпы қосындысы нисаб мөлшеріне, яғни 80.18 гр алтын яки соның бағасына тең болса, зекет беріледі. Әрбірі өз алдына бөлек нисаб мөлшеріне жетпесе де, бәрін қосқанда жетсе болғаны.

 

0 пікір