ҚҰРБАННЫҢ ІЗГІЛІГІ
ҚҰРБАННЫҢ ІЗГІЛІГІ
24.06.2022 10:24
249
0

Ардақты Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді:

• «Құрбан айт күні – Aлла Tағала жанында күндердің ең ұлығы».

• «Құрбан шалыңдар және оған жақсы қараңдар. Расында кім құрбандығын алып, оны құбылаға бұрып сойса, қиямет күні жаңағы құрбанның қаны мен жүні оны қорғайтын қамалға айналады. Шынында құрбандықтың қаны жерге Алла Тағаланың қорғауында ағады. (Құрбан шалып) болмашы қоректің арқасында мол сыйға ие боласыңдар».

• «Кімде-кім Құрбан айт күні соймақ болып құрбандығына жақындаса, Алла Тағаланың рақымы да жәннатта оған жақындайды. Құрбандығын шалған кезде шыққан қанның алғашқы тамшысымен бірге Алла Тағала оны кешірімге бөлейді. Aлла Tағала oл құрбанды қиямет күні (қабірден) махшарға дейін оған көлік етеді, терісі мен әр тал жүніне сауап жазады».

Шамасы жететін адамның Алла ризашылығы мен шапағатына ие болуды ниет етіп Пайғамбарымыз (с.a.у.) үшін құрбан шалуы мәндуп. 

Әли Mұртаза (к.у.) біреуін өзі, біреуін Пайғамбарымыз үшін деп екі қошқар құрбан шалатын және; «Расулуллаһ (с.a.у.) өзі үшін құрбан шалуды маған өсиет еткен» - дейтін.

Зил-хиджа айының оныншы, он бірінші, он екінші күндері мен он бірінші, он екінші түндері құрбандық шарттары мен себептеріне лайық, құлшылық және Аллаға жақындық ниетімен сойылған түйе, буивол, сиыр, қой және ешкі сияқты бес түрлі жануарға құрбан деп айтылады. 

Қажетті және негізгі мұқтаждықтардан, қарыздардан кейін нисаб мөлшеріне жететін малы болған мұсылманның жылда бір рет Құрбан айт күндерінің бірінде құрбан шалуы – уәжіп. Бірін күні шалған абзал. 

 

0 пікір