ҚҰРБАНҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ҮКІМДЕР
ҚҰРБАНҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ҮКІМДЕР
23.06.2022 16:14
275
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ :حَقٌّ لِلّٰهِ عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ أَنْ يَغْتَسِلَ فِي كُلِّ سَبْعَةِ أَيَّامٍ يَغْسِلُ رَأْسَهُ وَجَسَدَهُ. (م)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Әр жеті күнде бір ғұсыл алып, басы мен тұла-бойын жуу әрбір мұсылманның Алла Тағала алдындағы міндеті”.  (Сахих Mүслим)

Бір кісі уақытында құрбанын шалмай тек құнын садақа ретінде берсе құрбан уәжібін орындаған болмайды. 

Байлар құрбанын шалмай уақытын өткізіп алса құрбанның құнын садақа қылып беруі керек.

Кедейлер мен құрбан нәзір еткендер (атағандар) алған құрбандарын шалмай уақытын өткізіп алса құрбанның өзін садақа қылып беруі – уәжіп.

Пітір садақасы және құрбан уәжіп болғаннан кейін мүлігінен айырылса (кедей болып қалса) өмірінде мұны өтемегенше мойнынан түспейді. Құнын немесе өзін (құрбанды) садақа қылып беруі – уәжіп.

Бай болған бала үшін малынан құрбан шалу жайында пікір-талас бар. Ықтиятты болғаны және таңдалған пәтуа құрбан шалуы. 

 

 Құрбан шалуға қатысты

 

Бауыздамас бұрын малдың тірі екені мәлім болса – бауыздаған соң қан шықпаса немесе денесі қимылдамаса да – халал саналады.

Бауыздамас бұрын тірі екендігі мәлім болмаған жағдайда, бауыздаған кезде қан шықса немесе қимылдаса, еті жеуге жарайды. Қан шықпаса және қимылдамаса, жеуге болмайды.

Кей ғалымдардың пәтуасы бойынша, бауыздағанда құрбандықтың аузын, көзін жұмуы, жүнін тікірейтіп, сирағын тартуы, бауыздамас бұрын оның тірі болғандығының белгісі. Олай етпесе, оның бауыздамас бұрын тірі болмағаны. Бауыздамас бұрын өлген болса, оның еті жеуге жарамсыз.

 

 

0 пікір