Құрбан айт – Аллаға жақындайтын күн
Құрбан айт – Аллаға жақындайтын күн
09.08.2019 11:49
629
0

 Құрбан айт – мұсылмандардыңұлық мерекелерінің бірі. Бұл қадірлі мейрамды қарсы алатын күн де жақын. Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижжа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан соң 70 күннен кейін басталады. Ұлық мейрамның бірінші күні биыл тамыз айының 11-не сәйкес келеді.

       Бұл күні Меккеге барған мұсылмандарымыз Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, қажылыққа бара алмаған мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі - құрбандық шалады.

       Хадистерде жылдың ең қадірлі күні Құрбан айттың алғашқы күні екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында: «Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) басқа абзал амал арқылы Алла Тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла Тағаланыңқұзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандарыңды шалыңдар», - деп, құрбандық шалудың қаншалықты жауапты әрі сауапты іс екенін айтқан.

 

 

0 пікір