ҚҰРБАН
ҚҰРБАН
24.06.2022 10:21
159
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اُطْلُبُوا الْخَيْرَ دَهْرَكُمْ كُلَّهُ وَتَعَرَّضُوا لِنَفَحَاتِ رَحْمَةِ اللهِ فَإِنَّ لِلهِ نَفَحَاتٍ مِنْ رَحْمَتِهِ يُصِيبُ بِهَا مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ. (هب)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Өмірлеріңнің барлық кезеңдерінде жақсылық сұраңдар және Aлла Tағаланың рақым лебіне  ұмтылыңдар. Өйткені Aлла Tағаланың рақым лебі тек қалаған құлдарына ғана тиеді”. (Бәйхақи, Шуғаб ул-иман)

Зил-хиджа айының оныншы, он бірінші, он екінші күндері мен он бірінші, он екінші түндері құрбандық шарттары мен себептеріне лайық, құлшылық және Аллаға жақындық ниетімен сойылған түйе, буивол, сиыр, қой және ешкі сияқты бес түрлі жануарға құрбан деп айтылады. 

Қажетті және негізгі мұқтаждықтардан, қарыздардан кейін нисаб мөлшеріне жететін малы болған мұсылманның жылда бір рет Құрбан айт күндерінің бірінде құрбан шалуы – уәжіп. Бірін күні шалған абзал. 

 

0 пікір