Қажылықтың әдептері
Қажылықтың әдептері
11.05.2015 12:32
1525
0
Ислам ғылымхалы. Нұрлан Анарбаев,Еркебұлан Қарақұлов

 * Қажылыққа жұмсалатын қаржы адал еңбекпен табылуы керек. Қажылық тек қаржымен орындалатын құлшылық емес. Ол шынайылылықты, тазалықты, адалдықты талап етеді;

* Біреулерге қарыздар болса, оларды өтеп, иелерімен кешірісуі;

* Өткен күнәлары үшін шын жүрекпен тәубе етіп, Алладан кешірім тілеуі;

* Қаза еткен құлшылықтары болса, өтеуі;

* Қажылық жайында білетіндерден сұрау, үйрену;

* Жолға шығардан бұрын достарымен, туыстарымен қоштасу;

* Мақтану, тәкаппарлану сияқты сезімдер мен жаман пікірлерден сақтанып, әрқашан кішіпейіл болу;

* Қажылыққа жақсы, тақуа адамдармен бірге бару;

* Жолға шығарда және қайтар кезде екі рәкат намаз оқу;

* Пайдасыз істермен шұғылданбай, уақыттарын зікір, дұға, тәсбих, салауат немесе Құран оқумен өткізу.

 Бес парыз
Қажылық
Намазыңызды бастау үшін
Алла Тағалаға иман
Ораза
Зекеттің пайдасы мен хикметі
 Қажылықтың шарттары

 

 

0 пікір