Қажылық
Қажылық
08.08.2015 14:40
2562
0

       Хаж (араб тілінде) – құрмет тұтылған қасиетті жерді зиярат ету мағынасын білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Сауд арабиядағы Мекке қаласының жанындағы Арафат тауында ғибадат ниетімен бір мезет тұру, сосын Қағбаны тауап ету және қажылықтың арнайы басқа амалдарын орындау арқылы атқарылатын ғибадат.

       Қажылық ғибадатының орындалатын уақыты

      Шәууал, Зилқағда және Зилхижжа айының алғашқы он күні. Қажылықтағы әрбір амал үшін белгіленген арнайы уақыт бар. Зиярат тауабының уақыты құрбан айт күні таң атысымен басталып, қажылыққа ниет еткен адамның өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын құрбан айттың алғашқы үш күнінде орындау уәжіп болғандықтан, кімде-кім осы уақыттан кешіктірсе, қажылығының дұрыс болуы үшін құрбан шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты болса, арафа күні түс ауғаннан құрбан айт күні таң намазының уақыты кіргенге дейінгі уақыт.

 

0 пікір