Қайтсе ихрам дұрыс болады?
Қайтсе ихрам дұрыс болады?
04.09.2015 10:24
2829
0

       Ханафи мазхабында ихрамның екі рүкіні (парызы) бар: ниет және тәлбия айту.

  1. 1.     Ниет: Ихрамға кірерде қажылықтың қайсы түрін орындайтын болса, сол түріне жүрегімен ниет етуі – шарт. Ал тілмен айту – мұстахап.

    Қажылыққа ниет еткенде: «Алла тағалам, өтеуді ниет еткен қажылығымды жеңілдетіп, әрі қабыл ала гөр!» - дейді.

   Ұмра қажылығын жасаған адам: «Алла тағалам, өтеуді ниет еткен ұмра қажылығымды жеңілдетіп, әрі қабыл ала гөр!» - деп ниет етеді.

       Қажылық және ұмраны бірге өтейтін адам екеуіне бірдей ниет етеді.

  1. 2.     Намаздан кейін тәлбия айту. Қажылыққа немесе ұмраға ниеттенген адам ихрамға кіретін мекенге келгенде тәлбия айтар болса ихрамға кірген болып саналады.

   Тәлбияның айтылуы:

   «Ләббайк Аллаһума ләббайк ләббайка ләә шәрика ләкә ләббайк,    инналхамда уанниғмәтә ләкә уалмулка ләә шәрика ләк».

    «Алла тағалам, мен әміріңді орындауға келдім, айтқан әміріңе бойұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, берген әміріңді орындау менің борышым. Күмәнсіз, барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет Сенікі. Сенің еш серігің жоқ».

    Шайтанға тас лақтыруды бастағанда тәлбия айтуды тоқтады. Егер тас лақтырмай тұрып шашын алдырса, шашын алдырудан алдын тоқтады.

Ұмра қажылығын өтеушілер тәлбия айтуды тауап етерде тоқтатады.

 

 

0 пікір